17
апрель
2026
Математика-информатика бірлестігінің апталығы
13–17 сәуір аралығында мектебімізде математика және информатика бірлестігінің апталығы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Апталықтың мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру және білімдерін тереңдету болды.
Апталық аясында оқушылар арасында түрлі танымдық әрі зияткерлік іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, математикалық сайыстар, интеллектуалдық ойындар, викториналар, информатика пәнінен практикалық тапсырмалар мен шығармашылық байқаулар өткізілді. Сонымен қатар, пән мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Өткізілген іс-шаралар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, олардың білім деңгейін шыңдауға, логикалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Апталық барысында қатысушылар белсенділік танытып, математика мен информатика пәндерінің маңыздылығын терең түсіне білді.