17.02.2023ж- 28.02.2023ж аралығында бастауыш сыныптар арасында өткен «Баспалдағы білімнің, бастауыштан басталған» атты апталықтың қорытынды есебі/Декада начальных классов » №195 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы білім басқармасының
"№195 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 240-31-21
Есепші бөлімі:
+7(727) 22-44-491
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 17.02.2023ж- 28.02.2023ж аралығында бастауыш сыныптар арасында өткен «Баспалдағы білімнің, бастауыштан басталған» атты апталықтың қорытынды есебі/Декада начальных классов
28
февраль
2023

17.02.2023ж- 28.02.2023ж аралығында бастауыш сыныптар арасында өткен «Баспалдағы білімнің, бастауыштан басталған» атты апталықтың қорытынды есебі/Декада начальных классов

2022-2023 оқу жылында 17.02.2023ж- 28.02.2023ж аралығында бастауыш сыныптар арасында өткен 

«Баспалдағы білімнің, бастауыштан басталған» атты апталықтың қорытынды есебі

Бастауыш сынып апталығы 17-ші ақпаннан 28-ші ақпан аралығында өтті. Апталық бастамас бұрын апталықтың жоспары құрылып, әдістеме бірлестігінің отырысында талқыланды және бекітілді.

Тақырыбы: «Баспалдағы білімнің, бастауыштан басталған»

Апталықтың мақсаты: Жаңартылған білім беру жағдайында инновациялық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту, оқу үрдісін жетілдіру мен қатар баланың шығармашылық, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отыра, рухани- адамгершілік, эмоцияналдық және көңіл- күйлерін дамыта отырып, алған білімдерін өмірде қолдануға баулу. 

Апталықтың міндеттері: 

-оқушылардың білімге деген қажеттілікті саналы түрде түсінуіне жол ашу;

-әр баланың өз қабілетін таныта біліп, одан әрі дамуына жағдай туғызу;

-пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау және озат тәжірибені тарату.


Өткізу принциптері: әрбір бала апталықтың барлық шараларына белсене қатысушы болып табылуы керек.


Апталық мынадай жоспарда құрылды:

  1. Апталықтың ашылуы 
  2. Ашық сабақтар
  3. Оқушылар арасында «Көрікті көктем» атты сурет салу байқауы 
  4. Апталықтың жабылуы 

Апталықтың бірінші күні апталықтың ашылуы өтті. Ұстаздар мен оқушыларға апталықтың мақсат-міндеттері таныстырылды. 

      




Апталықтың 20.02.2023жылы 1 «ә» сыныбында ана тілі пәніен «Әліпби» тақырыбында Кульдибаева Ш.З., 3 «ә» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Бала Абай» тақырыбында Ушербекова М.Т. кезекші сыныптарында ашық сабақ өткізді. Мұғалімдер сабағында жаңа әдіс- тәсілдерді қолдана білді, оқушылардың қызығушылығын арттырды және мұғалімдер өздерін жан-жақты көрсете білді. «Өте жақсы» деген қорытынды жасалды. Сабақтың көрінісі:


 

1 «ә» сынып                                      3 «ә» сынып

21.02.2023 жылы 1 «а» сыныбында ана тілі пәнінен «Әліпби» тақырыбында Кубеева Г.Н., 2 «ә» сыныбында математика пәнінен «Санды және әріпті өрнектер» тақырыбында Толебаева Ж.Т., 3 «а» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Болымды және болымсыз етістік» тақырыбында Шалгынбаева Н.Б. кезекші сыныптарымен ашық сабақ өткізді. Мұғалімдер оқушылармен тығыз қарым- қатынаста жұмыс жасай отырып, оқушыларды ынталандыра, өздерінің педагогикалық шеберлігтері жоғары деңгейде екендігін көрсете білді. Оқушылар сабақ соңында рефлекция жасады және сабақ қызықты өтті.




2 «ә» сынып                                        3 «а» сынып




21.02.2023 жылы 4 «а» сыныбына математика пәнінен «Математикалық эстафета» тақырыбында Кубеева Г.Н., 4 «ә» сыныбына математика пәнінен «Математикалық эстафета» тақырыбында Турсынбекова Н.Б., 4 «б» сыныбына қазақ тілі пәнінен «Зат есімнің жіктелуі» тақырыбында Илипбаева А.Т. ашық сабақ өтті. Сабақ жоспары әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылған және сабақта оқушылардың қызығушылығын оята білді. 




4 «а» сынып                                       4 «ә» сынып



      4 «б» сынып



22.02.2023 ж  3 «в» сыныбында орыс тілі пәнінен «Глагол как часть речи» тақырыбында Тусупова Ж.С. ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабағында жаңа әдіс- тәсілдерді қолдана білді, оқушылардың қызығушылығын арттырды және өзін жан-жақты көрсете білді.Сабақ өте қызықты және өз деңгейінде өтілді.


3 «в» сынып



23.02.2023 ж  2 «б» сыныбы орыс тілі пәнінен «Глагол» тақырыбымен Дильбарханова М.Ш., 3 «Б» сыныбында орыс тілінен «Глагол как часть речи» тақырыбында Касратова В.И. мұғалімдері ашық сабақтарын өтті. Мұғалімдер оқушылармен тығыз қарым- қатынаста жұмыс жасай отырып, оқушыларды ынталандыра, өзінің педагогикалық шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете білді. 




     2 «б» сынып


3 «б» сынып


24.02.2023ж  4 «г» сыныбына математика пәнінен «Сложение и вычитание добей» тақырыбында Абжапарова Г.Л. ашық сабақ өткізді. Сабақта оқу мен оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдерді мұғалім өзінің шеберлігін көрсете отырып, қолдана білді.   Сабақ барысында жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстар жүргізілді. Өткізген сабағын талдай отырып, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, бақылаушылығы, эмоциялық деңгейі «Өте жақсы» деп қорытыланды.



24.02.2023ж 2 «А» сыныбына «Жырлайды жүрек» тақырыбында Ногайбаева Г.К. әдеби шығармашылық кеш өткізді. Кеш «Өте жақсы» өтті. Оқушылардың сабаққа, білімге деген қызығушылықтары артты.




Оқушылар арасында «Көрікті көктем» атты сурет салу байқауы өтті. Үздік сурет салған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды:




Апталықтың жабылуы салтанатты түрде өтті. Бұл апатлықта бастауыш сынып мұғалімдері жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдерді кеңінен қолдана білді, оқушылардың білім алуға қызығушылыған арттырды, өз шығармашылықтарын шыңдап, педагогикалық шеберліктерін көрсете білді. Оқушылар пән бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті және білімдерін шыңдады. Бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің ерінбей еткен еңбегі, өзара ынтымақтастықпен жұмыс істеуі арқасында келген жетістік деп ойлаймын. Осылай апталық аяқталды.




Похожие публикации: