Алматы қаласы білім басқармасының
"№195 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 240-31-21
Есепші бөлімі:
+7(727) 22-44-491
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
февраль
2026

English week

Мектебімізде «Learning languages opens up the world»  атты ағылшын тілі апталығы өткізілді. Апталықтың негізгі мақсаты – оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, тілдік дағдыларын жетілдіру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Апта бойы түрлі танымдық және зияткерлік іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, ашық сабақтар, көңілді үзілістер, интеллектуалды ойындар, викториналар, рөлдік ойындар мен сахналық қойылымдар өтті. Сонымен қатар, елтану бағытында ағылшын тілді мемлекеттердің мәдениеті мен салт-дәстүріне арналған таныстырылымдар өткізілді.
Оқушылар өз білімдерін сынап қана қоймай, еркін сөйлеу, ой бөлісу және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытады. Белсенді қатысушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.