30
октябрь
2025
№2 методикалық кеңес 30.10.2025
2025 жылдың 30 қазанында №195 мектепте бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің кеңесі өткізілді. Кеңестің мақсаты – оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру және 2-тоқсанға арналған жоспарды нақтылау болды.Кеңес барысында 1-тоқсан қорытындылары қарастырылып, оқушылардың білім сапасына талдау жасалды. Мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді оқыту әдістері мен заманауи педагогикалық технологияларды қолдану жолдарын талқылады.
Сонымен қатар, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, пәндік олимпиадаларға дайындау және тәрбие жұмыстарының бағыттары қарастырылды. Әр сынып мұғалімдері алдағы тоқсанда атқарылатын іс-шаралар жоспарын ұсынды.
Кеңес қорытындысы бойынша ұсыныстар мен тапсырмалар беріліп, бастауыш бірлестігінің 2-тоқсанға арналған жұмыс жоспары бекітілді.