30
апрель
2026
"Эстетика бірлестігінің" апталығы
27 сәуір – 1 мамыр аралығында мектебімізде эстетика апталығы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Апталықтың негізгі мақсаты – оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және шығармашылық, спорттық қабілеттерін дамыту болды.
Апталық аясында оқушылар арасында түрлі мазмұнды іс-шаралар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен қызықты эстафеталық сайыстар, спорттық жарыстар және белсенді ойындар өткізілді. Сонымен қатар, оқушылардың өнерге, шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында әртүрлі танымдық және тәрбиелік шаралар ұйымдастырылды.
Өткізілген іс-шаралар оқушылардың белсенділігін арттырып, ұйымшылдыққа, достық қарым-қатынасқа және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиеледі. Эстетика апталығы өз деңгейінде өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады.