24
апрель
2026
"Жас мамандар" апталығы
20–24 сәуір аралығында мектебімізде жас мамандар апталығы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Апталықтың мақсаты – жас педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау және шығармашылық әлеуетін дамыту болды.
Апталық аясында түрлі мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, интеллектуалдық ойындар, ашық сабақтар, шеберлік сабақтары және тәжірибе алмасу алаңдары өткізілді. Жас мамандар өздерінің педагогикалық әдіс-тәсілдерін таныстырып, білім беру үдерісіндегі заманауи технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті.
Өткізілген іс-шаралар жас ұстаздардың кәсіби дамуына серпін беріп, олардың шығармашылық ізденісін шыңдауға ықпал етті. Апталық барысында қатысушылар белсенділік танытып, өзара тәжірибе алмасудың маңыздылығын көрсетті.