8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі
Мектебімізде Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ерекше мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Кеш барысында оқушылар аналар мен ұстаздарға арнап ән айтып, өлең оқып, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Сонымен қатар, мектептің ер азамат ұстаздары да арнайы концерттік бағдарлама дайындап, өз өнерлерін көрсетіп, әйелдер қауымына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Іс-шара мазмұнды әрі әсерлі өтіп, барша көрерменге қуаныш пен мерекелік әсер қалдырды.