"Эстетика бірлестігінің" апталығы
27 сәуір – 1 мамыр аралығында мектебімізде эстетика апталығы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Апталықтың негізгі мақсаты – оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және шығармашылық, спорттық қабілеттерін дамыту болды. Апталық аясында оқушылар арасында түрлі мазмұнды іс-шаралар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен қызықты эстафеталық сайыстар, спорттық жарыстар және белсенді