№195 мектеп базасында жасанды интеллектке (ЖИ) арналған маңызды семинар-іс-шара өткізілді.





Аудандық деңгейде №195 мектеп базасында жасанды интеллектке (ЖИ) арналған маңызды семинар-іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға аудан мектептерінің мұғалімдері қатысып, заманауи білім беру үдерісінде ЖИ технологияларын тиімді қолдану жолдарын талқылады. Семинардың негізгі мақсаты – педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру, жасанды интеллект құралдарын сабақ барысында орынды пайдалану дағдыларын қалыптастыру және білім сапасын көтеру болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға жасанды интеллект көмегімен тапсырмалар әзірлеу, тест құрастыру, оқу материалдарын түрлендіру жолдары көрсетілді. Сонымен қатар, Google Forms, интерактивті платформалар және түрлі ЖИ құралдарын қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру тәсілдері тәжірибе жүзінде ұсынылды. Мұғалімдер топтық жұмыстарға қатысып, өзара тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен бөлісті.
Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, ЖИ мүмкіндіктерін білім беру саласында тиімді пайдалану – уақыт талабы екендігін атап өтті. Мұндай аудандық деңгейдегі іс-шаралар мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал етіп, оқу үдерісін жаңғыртуға үлкен мүмкіндік беретіні айтылды.