Алматы қаласы білім басқармасының
"№195 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 240-31-21
Есепші бөлімі:
+7(727) 22-44-491
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Март 2026 года
16-наурыз Шежіре күні
16
март
2026
16-наурыз Шежіре күні
Бұл күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылады. Сонымен қатар, жұртшылық мал сойып, өткен-кеткен ата-бабаларына құран бағыштайды. Ағайын-туған, көрші-қолаң таяуда ғана жақынынан айырылған отбасылардың үйіне барып, «марқұмға тие берсін» айтып дастарханынан дәм татады. Әр отбасының үлкендері өмірден өткен ата-бабаларының, ағайын-бауырдың жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп береді. Елдің, өлкенің тарихы, ерлігі баяндалады.
15 наурыз РЕФЕРЕНДУМ
15
март
2026
15 наурыз РЕФЕРЕНДУМ
Мектебімізде 15-і күні өткен референдумға орай сайлау учаскесі ұйымдастырылды. Аталған күні тұрғындар келіп, өз дауыстарын берді. Дауыс беру процесі ашық әрі талапқа сай өтті. Сонымен қатар, мектеп мұғалімдері де белсенділік танытып, референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады.