19
сентябрь
2025
Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау



2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы жарияланған болатын. Бүгін мектебімізде аталған Жолдауды талқылауға арналған жиналыс өтті.
Жиналыс барысында Жолдауда көтерілген негізгі бағыттар мен стратегиялық бастамалар қарастырылды. Әсіресе білім беру саласын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектті тиімді қолдану арқылы оқыту сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Мектеп ұжымы Жолдауда айтылған бастамаларды қолдай отырып, білім беру саласындағы жаңашылдықтарды жүзеге асыруға өз үлесін қосуға дайын екенін білдірді.