31
август
2023
«Біртұтас тәрбие бағдарламасының өзгерістері. «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынының өтілуі туралы»
№ 1 Педагогикалық кеңес
2023-2024 оқу жылы
Тақырыбы: «Біртұтас тәрбие бағдарламасының өзгерістері. «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынының өтілуі туралы»
Жалпы ақпарат:
- Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер! Жаңа оқу жылы құтты болсын!
- Биылғы оқу жылындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері, тәрбие бағдарламасының өзгерістері туралы айтып өткім келеді. 2023-2024 оқу жылы тәрбие жұмысы келесідей 3 құндылықпен тәрбие жұмысын жүргізетін боламыз. Ол құндылықтың негізгі бағыттарды 8 бағыт яғни, рухани-танымдық тәрбие; құқықтық тәрбие; экономикалық және экологиялық тәрбие; көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие; зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу; дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру оған қоса «Тоғыз ай – 9 іс-шара», «4 тоқсан – 4 өнер», Оқуға құштар сынды жоба жұмыстары кіріктірілген 3 құндылыққа шоғырланған жоспарлы жұмыстар қолға алынбақ. 8 бағыт алынып тасталынған жоқ тек, 3 құндылыққа кіріктірілген жоспар әзірленуде.
- Тәрбие жұмысы біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде адал азаматты тәрбиелеуді көздейді. Тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, алғыс айту, ілтипат, талап сияқты құндылықтар көрініс табу қажет.
- Тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезіндегі басым бағыт – балаға қамқорлық пен құрмет көрсету, сенім арту, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітуге жол бермеу болып табылады. 2023-2024 оқу жылында ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылы негізінде тәрбие міндеттерін іске асыруда жұмыс жүргізу «Ата-аналар академиясын» құру, сондай-ақ «4 тоқсан – 4 өнер» жобалары шеңберінде іс-шаралар өткізу, мерейтойлық күндерге арналған сыныптан тыс ісшараларды ұйымдастыру маңызды аспектілер болып табылады.
- Білім беру ұйымдарындағы тәрбие мен оқытуда жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде білім алушылардың бойында адами қасиеттерді қалыптастыруға басымдық береді.
- Тәрбие мен оқытудың тұтастығын қамтамасыз ету үшін: 1) пәндік мазмұн шеңберінде: − әр пәннің қысқа мерзімді жоспарын әзірлеуде тәрбиелік мақсатты қою және оның сабақ барысында жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; − бастауыш сынып пәндері апталығын жоспарлауда ортақ тақырыптар мен ұлттық құндылықтарды негізге алу және оның іс-шаралар арқылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; − пән апталықтарын жоспарлау мен өткізуде ұйымдастырылатын ісшаралардың тәрбиелік мәніне назар аудару және оның мазмұны арқылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету ұсынылады. 2) сынып сағаттары мен тәрбие іс-шаралары шеңберінде: − ар-ұждан, әділеттілік, мейірімділік, адалдық, отаншылдық, азаматтық жауапкершілік, еңбекқорлық қасиеттерін қалыптастыру және ұлттық мұра мен қазақ тілін қастерлеу, қоғам игілігіне қызмет ету, денсаулық пен салауатты өмір салтын ұстану тәрбие жұмысының жылдық жоспарындағы іс-шаралар мен сынып сағаттарының мазмұнында ескеру ұсынылады; − сынып сағаттары аптасына 1 сағат мектептің сабақ кестесіне енгізілуі және жүйелі түрде өткізіледі.
- 1 қыркүйекте білім күні салтанатты жиын және сынып сағаттары ұйымдастырылды. Екі ауысымға жоспарланған 1-ауысым оқушылары үшін сағат 9.00.-де басталса, 2-ауысым оқушылары үшін 11.00-де басталады. 2023-2024 оқу жылының басталуында өткізілетін «Мектебім – мейірбандық
- мекені» атты тақырыптағы сынып сағаттары өткізіледі. Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың оқуға құштарлығын ояту, білім алуға жағымды көңіл-күй мен оң көзқарас қалыптастыру. Міндеттері: - қатысушыларды өткен оқу жылының жетістіктерінен хабардар ету; - білім алушылардың бойында оқуға құштарлық пен білім алуға деген ұмтылысын қалыптастыру; - білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту; - өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру.
Қорытынды: Алдағы күндерде Тәрбие жұмысының жоспары жасалынып, бағыттары бойынша жұмыстар атқарылмақ. Сынып жетекшілерге толыққанды ақпараттар беріледі.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Саршаева А.Е.