19.08.2020 жылғы жалпы республикалық педагогикалық кеңес. Общий республиканский педагогический совет от 19.08.2020 » №195 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы білім басқармасының
"№195 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 240-31-21
Есепші бөлімі:
+7(727) 22-44-491
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 19.08.2020 жылғы жалпы республикалық педагогикалық кеңес. Общий республиканский педагогический совет от 19.08.2020
19
август
2020

19.08.2020 жылғы жалпы республикалық педагогикалық кеңес. Общий республиканский педагогический совет от 19.08.2020


19.08.2020 жылғы жалпы республикалық педагогикалық кеңес

Тақырыбы: 2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру
Педагогикалық кеңестің мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқыту ерекшеліктерімен педагогтарды хабардар ету.
Жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық аясында өткізіледі.
Өткізу форматы: қашықтан. Алдын ала мұғалімдерге сілтемелер жіберіледі
Қатысушылар: мектеп әкімшілі, педагогтер.
Педагогикалық кеңестің күн тәртібіндегі мәселелер:
1) Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары;
2) Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау;
3) 1-4 кезекші сыныптардың жұмыс режимі және жұмыс істеу қағидалары;
4) Қашықтан оқыту: мұғалімнің жұмыс орны және ережелер;
а) Техникалық дайындық және жұмыс орны;
б) Қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмі;
в) Педагог имиджі және этикетті сақтау;
5) Мектепте қашықтан оқытуда пайдаланатын білім беру интернет-платформасымен танысу;
6) Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау ерекшеліктері;
7) Баланы өз бетінше жұмыс істеуге және оқуға қалай ынталандыру керек?