25
май
2022
«ТҮЛЕК 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты тақырыпта Балалар жылына арналған соңғы қоңырау салтанатты жиыны.Торжественное собрание последнего звонка, посвященное Году детей на тему " выпускник 2022-завтра нового Казахстана»
2022 жылдың 25 мамыр күні №195 жалпы білім беретін мектепте 1-11 сынып оқушыларына «ТҮЛЕК 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты тақырыпта Балалар жылына арналған соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Меркелік іс-шара барысында күміс қоңыраудың сыңғыры естіліп, ата-аналлар түлектерге сәт сапар тіледі. Он бірінші сыныпты бітірушілер өмірге жолдама алып жатса, мектеп табалдырығын өткен жылы алғаш аттаған бүлдіршіндер бір сатыға көтеріліп, ата-ананың, ұстаздар қауымының көз қуанышына айналды. Соңғы қоңырау басталған кездегі үш толқын ұрпақтың: ата-аналар мен ұстаздардың, оқушылардың жүздеріндегі алаулаған шаттықты, көздеріндегі шуақ¬ты нұрды, көңілдеріндегі алабұртқан сезімді көргенде, кімнің де болса жан дүниесі толқымай тұра алмайды. Әсі¬ресе, тәуелсіз еліміздің Әнұранын айт¬қан¬да, сарбаздай сап түзеп тұрған оқу¬шы¬лар, оның ішінде бастауыш сынып бү묬дір¬шіндері оң қолдарын жүрек тұсы¬на қойып, Әнұранның сөзі мен әуенін әсем үнд¬ерімен әуелете айтқанда, айналаны керемет бір толқын кернеп кеткені анық.
іс-шараның мақсаты – мектеп дәстүрлерінің сабақтастығын сақтау, отансүйгіштік пен әлеуметтік жауапкершілікті, ұстаздарға, ата-аналарға, мектепшілік достарына алғыс сезімін, туған мектепке деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Міндеттері:
- қазақстандық мектеп түлектерінің имиджін арттыру;
- «Алтын белгі» және ерекше үлгідегі аттестат иелерін марапаттау арқылы білімді ұлт идеясын насихаттау;
- болашақ мамандықты таңдау мақсатында кәсіби бағдар беру жұмысын белсендіру;
- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған түлектерге қолдау көрсету;
- мектеп бітіру іс-шараларын БАҚ-та ақпараттық қамтамасыз ету және ауқымды жариялау.