С окончанием 2019-2020 учебного года! 2019-2020 оқу жылының аяқталуымен! » №195 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы білім басқармасының
"№195 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 240-31-21
Есепші бөлімі:
+7(727) 22-44-491
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » С окончанием 2019-2020 учебного года! 2019-2020 оқу жылының аяқталуымен!
25
май
2020

С окончанием 2019-2020 учебного года! 2019-2020 оқу жылының аяқталуымен!

С окончанием 2019-2020 учебного года! 2019-2020 оқу жылының аяқталуымен!


Құрметті, ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!
Елімізде карантин болуына байланысты биылғы соңғы қоңырау мерекесі өткізілмейтін болды. Бірақ бұл мемлекет тарапынан халықтың амандығын сақтау мақсатында жасалып отырған мәжбүрлі шара. Оқу жылының аяқталуына бірер күн ғана қалды. Сіздерді оқу жылының табысты аяқталуымен құттықтаймын! Соңғы қоңырау салтанатты жиыны әсерлі, көңіл толқытар мереке. Себебі, түлектер алтын ұя мектебімен қоштасатын сәт. Биылғы оқу жылын табысты аяқтағалы отырмыз. Оқушыларымыз аудандық, қалалық олимпиада, ғылыми жоба, Зерде байқауларында топ жарып жоғарғы жетістіктерге жетті. Үздік аттестат алуға, 9 сыныптың 8, 11 сыныптан-1 оқушысы Үздік аттестатқа үміткерлікке ұсынылып отыр.
Құрметті, жас түлектер!
Ақ жол, өмірде өз орындарыңды табуға тілектеспіз. Ұлағатты ұстаздардан алған жақсы тәлім - тәрбиелерің өмір жолында шырақ болып, дұрыс жолға бағыттайды деп сенемін.
Құрметті, ұстаздар!
Сіздер тәуелсіз Қазақстанның тұтқасын ұстайтын ұрпақты тәрбиелеудесіздер. Уақыттарыңызды аямай, бала бойына жақсы қасиеттерді дарыту бағытында жасаған жұмыстарыңыз жемісін берсін. Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақ, береке, амандық тілеймін.
Құрметті, ата-аналар!
Көз қуаныштарыңыз болған балаларыңыз аман, дендері сау, білімді, бәсекеге қаблетті ұрпақ болып өсуіне тілектеспіз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Поздравляем вас с успешным завершением учебного года. Спасибо за ваше терпение и любовь к своей профессии. Пусть летний отдых наполнит вас новыми силами и огромным запасом положительной энергии!