«Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» атты Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында Еріктілер жылына арналған мектеп бітіру іс-шарасын өткізудің ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ.КОНЦЕПЦИЯ проведения выпускного мероприятия » №195 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы білім басқармасының
"№195 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 240-31-21
Есепші бөлімі:
+7(727) 22-44-491
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» атты Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында Еріктілер жылына арналған мектеп бітіру іс-шарасын өткізудің ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ.КОНЦЕПЦИЯ проведения выпускного мероприятия
15
май
2020

«Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» атты Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында Еріктілер жылына арналған мектеп бітіру іс-шарасын өткізудің ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ.КОНЦЕПЦИЯ проведения выпускного мероприятия


11 сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру 3-4 маусымда өтеді

🔔Қорытынды аттестаттау емтихандарының биыл өткізілмейтіні ескеріліп, бұл іс-шараны маусым айының басында өткізу туралы шешім қабылданды.

🔔Мереке аясында салтанатты түрде аттестаттар табысталады және мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылады.

🔔Іс-шара міндетті түрде мектеп аумағында, ашық алаңда, қонақтарсыз, тек бітірушілердің қатысуымен және санитарлық нормаларды сақтай отырып өтуі тиіс. Аттестат тапсыру рәсіміне мектеп формасында келу ұсынылады.

🔔Салтанатты бөлімнен кейін ағаш отырғызу акциясын өткізу жоспарланып отыр.
Кейінгі жылдары мұндай акция дәстүрлі түрде 25 мамырға орай ұйымдастырылады.

«Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» атты Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында Еріктілер жылына арналған
мектеп бітіру іс-шарасын өткізудің
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Түлектердің, педагогтар мен ата-аналардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ пандемия кезінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін
1. Аттестатты тапсыру - әрбір түлектің өміріндегі ересек дербес өмірге қадам жасардағы маңызды оқиға. Аталған маңызды мектеп іс-шарасы түлектің өмір бойына естелік болатынына және жадында сақталатындығына басты назар аудару маңызды. Әр түлектің бойында өзінің мектебіне деген мақтаныш және өзінің ұстаздарына алғыс сезімін тәрбиелеу.
2. Мектеп бітіру іс-шарасы тек 11 сынып түлектеріне ғана 2020 жылғы 3-маусым өткізіледі. Соңғы қоңырау мерекесі мен аттестатты салтанатты тапсыру біріктіріліп, мектеп қабырғасында бір күнде шектеулі контингентпен, яғни ағымдағы жылдың түлектері мен олардың 2-ден аспайтын ата-аналарының қатысуымен ғана санитарлық-гигиеналық шектеулерді қамтамасыз ете отырып өткізілуі қажет.
3. Мектеп бітіру іс-шарасы қатысушылардың шектеулі контингентімен өткізілуі тиіс (таза ауада 100 адамға дейін).
4. Жеке кесте бойынша сағат 10.00-ден бастап. 1 сағаттан.
5. Іс-шара сағат 10.00-10.40
I кезең: Салтанатты бөлім ( «Ерекше үлгідегі аттестат иелерін марапаттау, аттестат беру, соңғы қоңырау).
Іс-шараның алгоритмі:
- қатысушыларды алдын ала сызылған сызықтар бойынша тұрғызу;
-директордың сөз сөйлеуі;
- ата-ананың құттықтауы;
- сынып жетекшінің құттықтауы;
- түлектің құттықтауы;
- Ерекше үлгідегі аттестат иелерін марапаттау;
- аттестаттарды тапсыру;
- соңғы қоңырау.
Санитарлық нормаларды сақтай отырып «Ағаш отырғызу» .
Сынып жетекшінің басшылығымен. Ағаш отырғызу аяқталған соң сынып жетекші түлектерді үйлеріне қайтарады.

Рұқсат етілмейді:
- іс-шара өткізуге аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, жеке студияларды тартуға;
- мектеп бітіру кешін сән-салтанатты өткізуге (сыныпты безендіру, түлектің сыртқы келбеті және т.б.)
- салтанатты дастархан ұйымдастыруға;
- прокатқа машина алу арқылы қала ішінде экскурсия өткізуге;
- мектеп бітіру іс-шарасын мейрамханаларда, кафелерде және басқа көңіл көтеретін орындарда өткізуге.



Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында
- мектеп бітіру іс-шараларын мектеп әкімшілігінің, сынып жетекшінің күшімен өткізу;