25
май
2021
25 мая - последний звонок прошел в ZOOMе\\\ 25 мамыр -соңғы қоңырау ZOOM
Кеше кең-байтақ Отанымыздың барлық өңірлеріндегі білім ұяларында күміс қоңыраудың сыңғыры естіліп, жұртшылық түлектерге сәт сапар тіледі. Он бірінші сыныпты бітірушілер өмірге жолдама алып жатса, мектеп табалдырығын өткен жылы алғаш аттаған бүлдіршіндер бір сатыға көтеріліп, ата-ананың, ұстаздар қауымының көз қуанышына айналды. Соңғы қоңырау басталған кездегі үш толқын ұрпақтың: ата-аналар мен ұстаздардың, оқушылардың жүздеріндегі алаулаған шаттықты, көздеріндегі шуақ¬ты нұрды, көңілдеріндегі алабұртқан сезімді көргенде, кімнің де болса жан дүниесі толқымай тұра алмайды. Әсі¬ресе, тәуелсіз еліміздің Әнұранын айт¬қан¬да, сарбаздай сап түзеп тұрған оқу¬шы¬лар, оның ішінде бастауыш сынып бү묬дір¬шіндері оң қолдарын жүрек тұсы¬на қойып, Әнұранның сөзі мен әуенін әсем үнд¬ерімен әуелете айтқанда, зал ішін керемет бір толқын кернеп кеткені анық.
№195 жалпы білім беретін мектепте 1-11 сынып оқушыларына «Тәуелсіздік ұландары» атты тақырыбында Соңғы қоңырау салтанатты жиыны қашықтықтан (zoom желісі арқылы өтті.) 1 сынып оқушылары 11 сынып түлектеріне тілектерін білдірді. 11 сынып оқушылары 1 шы сыныптарға да тілектерімен өлең шумақтарымен бөлісті.