Алматы қаласы білім басқармасының
"№195 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 240-31-21
Есепші бөлімі:
+7(727) 22-44-491
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Жарқын болашақ” Республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі
17
февраль
2026
“Жарқын болашақ” Республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық
Оқушылардың шығармашылық  қабілеттерін дамыту мақсатында  17 ақпан 2026 жылы “Жарқын болашақ” Республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Жарыс нәтижесі бойынша №195 жалпы білім беретін мектептің 9 “А” сынып оқушысы Бегжанқызы Айзере “ Сөз шебері” бағыты бойынша 2 орын, 9 сынып оқушысы Хинизова Ливаза “Жас қаламгер” бағыты бойынша 2 орын алды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Иргебаева Нуршаш Нурлина.
English week
13
февраль
2026
English week
Мектебімізде «Learning languages opens up the world»  атты ағылшын тілі апталығы өткізілді. Апталықтың негізгі мақсаты – оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, тілдік дағдыларын жетілдіру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Апта бойы түрлі танымдық және зияткерлік іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, ашық сабақтар, көңілді үзілістер, интеллектуалды ойындар, викториналар, рөлдік ойындар мен сахналық қойылымдар өтті. Сонымен қатар, елтану бағытында ағылшын тілді
Жыр алыбы Мұқағали Мақатаевтың туған күні
04
февраль
2026
Жыр алыбы Мұқағали Мақатаевтың туған күні
Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған апталық жоғары деңгейде өтті. Апталық аясында түрлі әдеби кештер мен танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ақынның жерлесі, әнші Сұлушаш Нұрмағамбетова арнайы шақырылып, оқушыларға әсерлі әндерін тарту етті. Кеш өте мазмұнды әрі рухани тағылымға толы болды.
2025 жылдың 18 қараша күні Жаратылыстану апталығы аясында үзіліс уақытында оқушылар арасында «Жануарлар әлемі» деректі фильміне билеттер ұтыс ойыны ұйымдастырылды.
18
ноябрь
2025
2025 жылдың 18 қараша күні Жаратылыстану апталығы аясында үзіліс
2025 жылдың 18 қараша күні Жаратылыстану апталығы аясында үзіліс уақытында оқушылар арасында «Жануарлар әлемі» деректі фильміне билеттер ұтыс ойыны ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқушылардың жануарлар дүниесіне деген қызығушылығын арттыру, табиғат байлығын қорғауға деген көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ танымдық білімді насихаттау болды. Ұтыс ойынына белсенді қатысқан оқушылар арасынан жеңімпаздар анықталып, олар деректі фильмді тамашалауға мүмкіндік беретін арнайы билеттерге ие болды.
2025-2026 оқу жылындағы 5-6 сыныптар арасындағы мектепішілік олимпиада   қорытындысына анықтама
18
ноябрь
2025
2025-2026 оқу жылындағы 5-6 сыныптар арасындағы мектепішілік
2025-2026 оқу жылындағы 5-6 сыныптар арасындағы мектепішілік олимпиада  қорытындысына анықтама
2025 жылдың 17 қараша күні мектебімізде Жаратылыстану апталығы салтанатты түрде ашылып, оның аясында «Денсаулық күні» ұйымдастырылды.
17
ноябрь
2025
2025 жылдың 17 қараша күні мектебімізде Жаратылыстану апталығы
2025 жылдың 17 қараша күні мектебімізде Жаратылыстану апталығы салтанатты түрде ашылып, оның аясында «Денсаулық күні» ұйымдастырылды.       Іс-шараның мақсаты – мұғалімдер мен оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықтың маңыздылығын түсіндіру және медициналық сауаттылықты арттыру болды.      Шара барысында биология пәні мұғалімдері мұғалімдердің қан қысымын өлшеп, тексерістен өткізді. Сонымен қатар, оқушылардың бойы мен салмағы өлшеніп, дене көрсеткіштері бойынша мәліметтер
№2 методикалық кеңес 30.10.2025
30
октябрь
2025
№2 методикалық кеңес 30.10.2025
2025 жылдың 30 қазанында №195 мектепте бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің кеңесі өткізілді. Кеңестің мақсаты – оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру және 2-тоқсанға арналған жоспарды нақтылау болды. Кеңес барысында 1-тоқсан қорытындылары қарастырылып, оқушылардың білім сапасына талдау жасалды. Мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді оқыту әдістері мен заманауи педагогикалық технологияларды қолдану жолдарын талқылады. Сонымен қатар,
“Адал азамат” бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында Отбасы күніне орай өткізілген “Шаттыққа мол шаңырақ” атты ХІІІ қалалық әкелер слетінің аудандық кезеңі бойынша
25
сентябрь
2025
“Адал азамат” бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында Отбасы күніне орай
“Адал азамат” бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында Отбасы күніне орай өткізілген “Шаттыққа мол шаңырақ” атты ХІІІ қалалық әкелер слетінің аудандық кезеңінде ерекше белсенділік танытып, жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін 1 А сынып оқушысы Бейсембай Ибраһим және әкесі  Смағұл Аманжан  Бейсембайұлы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Бейсембай Ибраһимді және отбасын бүгінгі жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау
19
сентябрь
2025
Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау
2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы жарияланған болатын. Бүгін мектебімізде аталған Жолдауды талқылауға арналған жиналыс өтті. Жиналыс барысында Жолдауда көтерілген негізгі бағыттар мен стратегиялық бастамалар қарастырылды. Әсіресе білім беру саласын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектті тиімді қолдану арқылы оқыту сапасын арттырудың маңыздылығын