17
ноябрь
2025
2025 жылдың 17 қараша күні мектебімізде Жаратылыстану апталығы салтанатты түрде ашылып, оның аясында «Денсаулық күні» ұйымдастырылды.



2025 жылдың 17 қараша күні мектебімізде Жаратылыстану апталығы салтанатты түрде ашылып, оның аясында «Денсаулық күні» ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты – мұғалімдер мен оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықтың маңыздылығын түсіндіру және медициналық сауаттылықты арттыру болды.
Шара барысында биология пәні мұғалімдері мұғалімдердің қан қысымын өлшеп, тексерістен өткізді. Сонымен қатар, оқушылардың бойы мен салмағы өлшеніп, дене көрсеткіштері бойынша мәліметтер алынды.Бұл іс-шара қатысушылардың өз денсаулығына назар аударуына, дене салмағы индексін бақылауына және денсаулықтың күнделікті өмірдегі рөлі туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал етті.