http://almaty-akshamy.kz/ashy-tan-o-y-tu-zaman-talaby/?fbclid=IwAR2_FKIsS4y91ClwBs5o-AeWy6SSTIenrvFmrh9xk-4QS-krN5oDPS1-9Bc » №195 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы білім басқармасының
"№195 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 240-31-21
Есепші бөлімі:
+7(727) 22-44-491
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » http://almaty-akshamy.kz/ashy-tan-o-y-tu-zaman-talaby/?fbclid=IwAR2_FKIsS4y91ClwBs5o-AeWy6SSTIenrvFmrh9xk-4QS-krN5oDPS1-9Bc
19
май
2020

http://almaty-akshamy.kz/ashy-tan-o-y-tu-zaman-talaby/?fbclid=IwAR2_FKIsS4y91ClwBs5o-AeWy6SSTIenrvFmrh9xk-4QS-krN5oDPS1-9Bc

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
24.04.2020 0 320
Алматы қаласының Түрксіб ауданына қарасты №195 жалпы білім беретін мектебі 6 сәуірден бастап қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Қашықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерлерінің алыстан оқыту арқылы, яғни педагог пен оқушы арасындағы байланыс, интернет желісімен тығыз байланыста жүзеге асырылатын білім беру жүйесі. Қашықтан оқыту саласы жаңа бағытта интернетпен жақсы жұмыс жасауды тереңірек үйретті. Оқушылар ұялы телефондарын ойын ойнап, сөйлесіп қана қоймай, өздерінің білім алуына жақсы тұрғыда пайдалана бастады. «Оқы және оқы» деп Абай атамыз айтқандай, осы сөзінде адам баласының қалай болса да, немен болса да жағдайы барынша келгенше оқуы керек екенін айтып тұрғандай. Дамыған дүние жүзіндегі мемлекеттердің барлығының интернет желісі өте жақсы дамығаны бізге мәлім. Яғни, бұл қашықтық оқыту дамуға бір үлкен үлесін қосатын мүмкіндік. Оқушылар ғана емес үйде отырып ата-ананың өзі ұялы байланыстарды, телефонмен қалай жақсы жұмыс жасауды, тереңірек меңгеріп жатыр десек болады. Қалай болса да, оқытып саналы ұрпақтың сауаттылығын ерікті түрде дамытуға үлес қосу біздің парызымыз болып табылады. Биылғы жыл Абай атамызға 175 жыл, Еріктілер жылы. Бір-бірімізбен пікір алысып, ерікті қызмет көрсету, көмек беру — біздің борышымыз. Абай атамыздың «Болмасаңда ұқсап бақ» деген сөзімен байланыстыра аяқтағым келіп отыр.

Бүкіл әлем «Карантин!!!», жан басында,

Жұмыс, оқу телефонмен алмасуда.

Қиын кезең болса дағы, қазақ елі,

«Біз біргеміз!!!» (челленджімен) жалғасуда.

Біз біргеміз, үйдеміз барлығымыз,

СМС пен толығуда сандығымыз.

Инстаграм, ватсаппенен хат алмасып,

«Өте –жақсы өтуде, әр күніміз» деп қорытындылай келе, қашықтан оқытуда білім беру сауаттылығымызбен салауаттылығымызды барлығымыз бірге дамытайық.

Дархан МҰХИТҰЛЫ,
Түрксіб ауданы №195 жалпы білім беретін мектептің химия пәнінің мұғалімі.