https://zhasalash.kz/article/8850-zhanhasha-oqytu--omir-talaby » №195 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы білім басқармасының
"№195 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 240-31-21
Есепші бөлімі:
+7(727) 22-44-491
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » https://zhasalash.kz/article/8850-zhanhasha-oqytu--omir-talaby
12
май
2020

https://zhasalash.kz/article/8850-zhanhasha-oqytu--omir-talaby







Жаңаша оқыту - өмір талабы

Алматы қаласы Түрксіб ауданы №195 жалпы білім беретін  мектепте қашықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы оқу процесі бекітілген сабақ кестесімен Мемлекеттік білім беру стандарттарына, типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылды.  


Мұғалімдердің белгілі бір дағдылары бар, мұғалімдер үнемі қашықтан оқытудың әртүрлі форматтарымен жұмыс істеп жатыр.  Сабақтарда  сандық білім беру ресурстарын және электрондық оқулықтарды кеңінен қолданады.
Каникул  күндері  біздің барлық  ұстаздарымыз жаңашылдыққа белсенді түрде дайындалды. Олар қашықтықтан оқыту саласындағы педагогикалық шеберліктерін жетілдірді, әдіснамалық қоржындарын толықтырып, сабақтарға арналған материалдарын  іріктеп, оқу порталдары арқылы сабақтардың бейне таратылымын қолдануын , қашықтықтан оқытудың және өзіндік жұмыстың әдістерін жетілдірді.
Каникул кездері  оқушыларымыз бос уақыттарын  тиімді пайдаланып, шығармашылық  іздену  үстінде. «Біз  үйдеміз, сізде үйде болыңыз»  тақырыбында  челлендж  ұйымдастырды.

Қашықтықтан оқыту – бұл қашықтықта оқыту нысаны, мұғалім мен оқушының жеке бір кездесулерін талап етпейтін, көбінесе Интернет желісінде пайдаланатын коммуникация– аудио, видеотехника және спутниктік байланыс арналары арқылы ұйымдасқан заманауи тәсілдері болып табылады. Қашықтықтан оқыту қажетті қашықтықты еңсерумен, уақыт пен күшті үнемдейді. Қашықтық форматының ұғымы әлдеқайда ауқымды және бірден бірнеше әдістерді пайдалануға мүмкіндік береді. Мұндай формат сабақты геймификациялауға (ойын түрінде өткізуге), өзін-өзі ширау деңгейін арттыруға, ең бастысы, оқытуды дербестендіруге мүмкіндік береді. Бұл – біз қол жеткізуге ұмтылып отырған қажетті, әрі тиімді оқыту жүйесі.

Барлық сабақ мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сай оқу бағдарламасы бойынша, сабақ кестесіне сәйкес, цифрлық білім беру ресурстары бойынша әдістемелік қолдаумен және мультимедиалық материалдармен қамтамасыз етіліп, ұстаздар үшін алдын ала әзірленген жоспар бойынша жүргізіліп жатыр. Мәселен:
мұғалімдеріміз тапсырмаларды беріп, олардың орындалуын тексеруіп, бағалауды және кері байланысты өз  уақытында қамтамасыз етіп  жатыр. Білім алушылар бейне-сабақтарға қатысып, тапсырмалар алып, қажет болған жағдайда педагогтердің өз сыныбымен қашықтық оқыту арқылы талқылау    жүргізіліп  жатыр
Қазіргі уақытта оқушыларымыз «Біз Жеңістің  ізбасарлармыз»  атты эстафетаны   қабылдап, - Біздің бүгінгі балалық шағымыз,  бейбіт  өміріміз кешегі  Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың арқасы. Біз  олардың рухына тағзым етеміз, біз оларды мәңгі есте сақтаймыз,-  деп  лебіздерін   бейнеролик арқылы  ұсынып жатыр.
Қашықтық  оқытуда  оқушыларымыз дене  шынықтыру оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем ететін  нәрсе.
Спорт сенің серігің –
Жанға дауа, қолға күш.
Сергітетін адамды –
Қимыл менен қозғалыс деп,- оқушыларымыз   дене  шынықтыру сабағын өз  отбасымен бірге  өткізуде. Әрине,  балаларды белгілі бір  тәртіпке, гигеналық талаптарды орындауға  үйрете  отырып,біз ағзаға пайдалы дағдыларды  қалыптастырамыз және сол арқылы олардың денсаулығын сақтаймыз.
Көркем еңбек, технология сабағын  қашықтық  оқытуда  оқушылар  тиімді  пайдалануда. Оған  дәлел  оқушыларымыз  өз  шығармашылықтыран  отбасымен бірге  дамытуда.
  Қорыта келгенде, оқушылармен, ата-аналармен  бірігіп қашықтықтан оқытудың сапалы жүйесін құра алатындығымызға сенімдімін. Ең бастысы, біз әрдайым кері байланысты, ұсыныстар мен тың идеяларды қуана қабылдауға дайынбыз.
 
 №195 мектеп
Әсел  Шалданбай
Алматы қаласы