Алматы қаласы білім басқармасының
"№195 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 240-31-21
Есепші бөлімі:
+7(727) 22-44-491
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектепке жол» акциясының есебі
30
сентябрь
2024

«Мектепке жол» акциясының есебі

Алматы қаласының Бiлiм басқармасы Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы

Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы «Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық» ұранымен орындау мақсатында № 195 ЖББ КММ мектебінде 1 тамыз- 30 қыркуйекаралығында әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы "Шекарасыз жақсылық!" атты ұранымен өткізілуде.
 Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

Акция барысында жалпыға міндетті оқу  қорынан 39 оқушыға 55 мың теңгеден жалпы соммасы 2145000 теңгеге мектеп формасы мен құрал-жабдықтарын алуға бюджеттен ақшалай қаражат бөлінді. Ал спонсорлық көмектердің аясында №195 МЕКТЕП ҰЖЫМЫ демеушілерінің атынан 18 оқушығакеңсе тауарлары мен мектеп сөмкесі, 4 оқушыға мектеп формасы алынды, Түрксіб ауданынан 10оқушыға, Индира Айтбаевна 13  оқушыға, Мешіт оқушыға кеңсе тауарлары мен мектеп сөмкесі берілді және Жансая Абдулнасирова кеңсе тауарлары мен қамтамасыз етілді.