«Мектепке жол – Шекарасыз Жақсылық» акциясы Акция «Дорога в школу – Добро без границ» » №195 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы білім басқармасының
"№195 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 240-31-21
Есепші бөлімі:
+7(727) 22-44-491
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектепке жол – Шекарасыз Жақсылық» акциясы Акция «Дорога в школу – Добро без границ»
02
август
2022

«Мектепке жол – Шекарасыз Жақсылық» акциясы Акция «Дорога в школу – Добро без границ»

«Мектепке жол – Шекарасыз Жақсылық» акциясы
Акция «Дорога в школу – Добро без границ»

Алғашқы қоңырау соғылып, балалардың мектепке барар сәті де алыс емес. Жыл сайын дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларының осы сәттегі қиыншылықтарын жеңуге бағытталған игі шара.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы «Мектепке жол» республикалық акциясы барлық өңірлерде өткізіледі.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 21 шілдедегі №6-15-2/3135-И хатын орындау мақсатында мектебімізде 1 тамыздан бастап 30 қыркүйек аралығында аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында «Мектепке жол – Шекарасыз Жақсылық» ұранымен республикалық акциясы басталғанын хабарлаймыз.
Акция аясында халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеу, үлкенге құрмет, кішіге – ізет көрсету, жас ұрпақ бойына рухани адамгершілік дәндерін себуге бағытталған шаралар жүргізіледі. Халқымызға тән ұлттық ерекшеліктерді, мейірімділік, қайырымдылық, әділдік сынды ең асыл қасиеттерді насихаттау кеңінен өріс алады.
Жаңа оқу жылының қарсаңындағы игі бастама елімізде дарынды, білімді, алғыр, дені сау ұрпақ өсуіне ұйытқы болмақ.
Құрметті қауым, акция барысында үкіметтік емес ұйымдарды, кәсіпкерлерді және мемлекеттік органдарды, ықшам аудан халқын акцияға белсене қатысуға, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына қолдау жасауға шақырамыз.
Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсеткісі келетіндер тұрғылықты жері бойынша білім беру ұйымының 228-00-71 нөмірі бойынша хабарласа алады.
«Мектепке жол – Шекарасыз Жақсылық» акциясы Акция «Дорога в школу – Добро без границ»