SALQALYURPAK қайырымдылық қорынан мектеп оқушыларына берілген көмек » №195 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы білім басқармасының
"№195 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 240-31-21
Есепші бөлімі:
+7(727) 22-44-491
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » SALQALYURPAK қайырымдылық қорынан мектеп оқушыларына берілген көмек
02
сентябрь
2022

SALQALYURPAK қайырымдылық қорынан мектеп оқушыларына берілген көмек

Алматы қаласының Бiлiм басқармасы Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы
Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №9780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы «Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық» ұранымен орындау мақсатында № 195 ЖББ КММ мектебінде 1 тамыз- 30 қыркуйек аралығында әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы "Шекарасыз жақсылық!" атты ұранымен өткізілуде.
Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
Акция барысында жалпыға міндетті оқу қорынан 63 оқушыға 43 мың теңгеден жалпы соммасы 2709000 теңгеге мектеп формасы мен құрал-жабдықтарын алуға бюджеттен ақшалай қаражат бөлінді. Ал спонсорлық көмектердің аясында КАЗЛЕКПРОМ демеушілерінің атынан 20 оқушыға мектеп формасы, 17 оқушыға кеңсе тауарлары мен мектеп сөмкесі, сонымен қатар "Салиқалы ұрпақ" @saliqaly_urpaq қоғамдық қорының атынан әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасынан шыққан 4 оқушыға мектеп сөмкесі мен кеңсе тауарлары берілді.





SALQALYURPAK қайырымдылық қорынан мектеп оқушыларына берілген көмек