"ДOCБОЛLIKE: достық қолын ұсын" акциясы » №195 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы білім басқармасының
"№195 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 240-31-21
Есепші бөлімі:
+7(727) 22-44-491
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ДOCБОЛLIKE: достық қолын ұсын" акциясы
25
январь
2024

"ДOCБОЛLIKE: достық қолын ұсын" акциясы

№195 ЖББМ  «ДОСБОЛLIKE: достық  қолын  ұсын»  акциясының 
іс- шара  жоспары негізінде 
17 қаңтар - 17 ақпан   аралығындағы      «Жүректен- жүрекке» атты тақырыпта ата- аналардың қатысуымен қайырымдылық акциясы өтуде.
 «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы мектебімізде мектеп ұжымы мен ата-аналардың қатысуымен дәстүрлі түрде жыл сайын өз жалғасын тауып келеді. Маңызды міндетіміз қамқорлық жасау.
«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», — дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып , достық пейілдерін танытуға қатысып отырған ата-ана қауымына  ризашылығымызды білдіреміз!!!
@akimat_almaty #dosbollike