Қайырымдылық жасауға асығайық! Мектепке жол акциясы.Поспешим сделать пожертвование! Действия по дороге в школу. » №195 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы білім басқармасының
"№195 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 240-31-21
Есепші бөлімі:
+7(727) 22-44-491
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қайырымдылық жасауға асығайық! Мектепке жол акциясы.Поспешим сделать пожертвование! Действия по дороге в школу.
31
август
2022

Қайырымдылық жасауға асығайық! Мектепке жол акциясы.Поспешим сделать пожертвование! Действия по дороге в школу.


Адам баласының қоғамда бағалануы, дәріптелуі, ардақталуы – тікелей оның адамгершілік қасиеттеріне байланысты. Егер ол айналасындағыларға қайырымды, адал болып, бүкіл қарым-қатынастарын адамгершілік тұрғысынан реттейтін болса, нағыз адамгершілігі мол жан болып, қоғамдағы сыйлы бағасын да, орнын да иемденеді.
Жақсылық – адамның ойы, ниеті, іс-әрекеті. Жаман пиғылдардан аулақ болып, қай кезде болса да адамға қол ұшын беріп көмектесетін, жанашырлық танытатын адамды жақсы адам дейміз.
Адамның ең асыл қасиеті – жақсылық. Адам адамға жақсылық жасау үшін жаралған. Жақсылық пен игілікті іс жасау-үлкен адамгершіліктің белгісі. Басқа адамдарға көмектесіп жүрген көптеген абзал жандар бар.
Сондай жандардың бірі көп балалы ана, жеке кәсіпкер Ишбаева Мадина. Мектебімізде жыл сайын дәстүрге айналған "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы бүгін де жалғасуда. Осындай акцияға жыл сайын мектебіміздің оқушыларына өз қол ұшын тигізіп жүрген жандардың бірі де шаштараз Мадина. Ол 1 қыркүйек салтанатты жиыны алдында жыл сайын ұл - қыздарымызға қамқорлық танытуда. Жақсының жаксылыгын айт деп осындайда айтатыны анық.
Жақсылық жасау әрбір адамның міндеті.
Қазақта "Адам болып келген соң, адам болып кету қиын" деген жақсы сөз бар. Мен үшін қасиеттердің ең жақсысы – адамгершілік. Себебі, жақсы қасиеттердің жиынтығы – адамгершілік деп аталады. «Жейдесіз адамның жейде сыйлағанынан, өзін сүймейтін адамның сені сүйемін деп айтқанынан қорық» деген жақсы мәтел бар. Расымен де, біреуді сүйіп, біреуге жақсылық жасамас бұрын өзімізді сыйлап, өзімізге жанашырлық, адамгершілік сынды қасиеттерді үйрете білуіміз керек. Адамгершілік дегеніміз не? Ол – қиналған жанға жанашырлық таныту, жылаған адамды жұбату, біреудің ала жібін аттап өтпеу, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, табиғатты аялау, сүю, махаббатқа берік болу, сүйгеніңе адал болу, шынайылыққа ұмтылу, әділеттілік таныта білу. Біз өмір сүріп жатқан ғасырда адамгершілікті сақтап қалу өте қиын. Себебі, бізді азғыратын ақша бар, алтын бар, атақ пен даңқ бар, желідегі мыңдаған лүпіл бар. Осының барлығы біздің шынайы бет-бейнемізді көрсетіп, адамгершілік танытуымызға кедергі жасайды.
Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Халқымыз қайырымды- мейірімді жанды «адамгершілігі мол адам» деп дәріптеген. Қайырымды-мейірімді жан – өзгелерді, басқа адамдарды ойлап, соларға қол ұшын беруші жан.
Мектеп әкімшілігі, ата-ана қауымы қайырымдылық жасап жүрген ардақты ана, Ишбаева Мадинаға алғысын білдіреді.