Жыл қорытындысы/Итоги года
Жыл қорытындысы/Итоги года
2023-2024 жарты жылдық
Ел президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауында атап өтілген жеткіншек ұрпақтың саналы білімі, тағылымды тәрбие алуына №195 жалпы білім беретін мекемесінде барлық жағдай жасалынған. Мемлекет тарапынан балалардың білім алуына қолдау көрсету мақсатында 2023 жылы тақырыпқа сай мектебімізде 800 ге жуық оқушы білім алуда. Сапалы білім болашақтың кілті. Осы бір қағиданы берік ұстаған мектебіміздің ұстаз қауымы еліміздің білім реформаларының жүзеге асуына азда болсын үлесін қосып түрлі олимпиадалар мен конкурстарға оқушыларымызды дайындап қатыстыруда.
Сондай ақ дөңгелек үстелдер, пікр алмасулар, ата аналармен кездесулер өткізіп тұрады.
“Тоғыз айға 9 іс -шара” тұжырымдамасы аясында оқушыларда патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыруға ықпал ету мақсатында Мемлекеттік Әнұран орындалды.
25 қазан Республика күніне орай «Менің отаным Қазақстан» тақырыбына челлендж ұйымдастырылды.
Мектеп мұғалімдері өз білімін кәсіби тұрғыда жетілдіру мақсатында білім жетілдіру курстарына, семинар, шебер сыныптарға қатысып тұрады.
Мектебімізде ұстаздаздардың ұйымдастыруымен жобалар қорғау байқаулары іске асырылуда.
Айтарлықтай мектебіміздің мақтанышы, оқушыларымыздың жетістіктері.
мектептің 11 «ә» сынып оқушысы Бексұлтан Қайратұлы жекпе – жекте жасөспірімдер санатында +80 келідегі оқушымыз Азия чемпионатының алтын бас жүлде иегері атанды.
8 "А" сынып оқушысы Мектеп парламент президенті Құттыбек Сабина мектеп парламент жетекшілерінің аудандық слетінде "Балалар қозғалысы мен балалар бірлестігі және оның әлеуметтік факторлары" тақырыбын қорғап аудандық слеттің жеңімпазы атанып қалалық кезеңге өтті.
Республикалық "Зерде" ғылыми жоба байқауының аудандық кезеңінде 3 “А” сынып оқушысы Асхатқызы Айзере 1 орынға ие болды
"Нұрлы жастар-Болашаққа жол бастар" атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы Республикалық көркем сөз номинациясы бойынша өнер көрсетіп, ерекше көзге түсіп, 1 мен 2-ші дәрежелі марапатпен 1"Ә"- сынып оқушылары Болатбек Айару мен Қанат Аруна марапатталды.
“Махамбет оқулары” Республикалық байқауының аудандық кезеңінде “Ел құтқарар Ер едім” … бағыты бойынша 9 сынып оқушысы Нұрлан Қазына 3 орынға ие болды.
2022-2023 оқу жылында жаратылыстану пәнінен аудандық олимпиададан 5 сынып оқушысы Алиби Самархан 1 орын иеленіп, қалалық пән олимпиадасында 3 орынға ие болды.
1- сынып оқушылары қатысқан "Мың бала" республикалық зияткерлік орталығының ұйымдастыруымен 2023-2024 оқу жылының қараша айындағы "Абай оқулары" конкурсының жеіңмпаздары атанды.
9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан Мектеп лигасының аудандық турында мектеп оқушылары қатысып аудандық турда II орын алып келді.
Амирбек Ерасыл,Абилов Юсуф, Ашимов Сулейман, Карибов Нариман, Сапаров Полат оқушыларымыз жыл бойы күрестен жүлделі орындардан марапаттарға ие болды.
2023 жылдың желтоқсан айында 9 сынып оқушысы Ақатай Ақерке орыс тілі мен әдебиетінен аудандық олимпиададан 1 орынға иеленіп, қалалық пән олимпиадасына дайындалуда.
4"Ә"сынып оқушысы Асхатқызы Айзере республикалық конкурс Зерде ғылыми жобаны қорғап қалалық кезеңінен үшінші орын иегері атанды.
Балалардың салауатты өмір салтына деген ұмтылысын қолдау, вейпингтің зияны, оның ағзаға тигізетін кері әсері, адамның жалпы хал-жайына, көңіл-күйіне және өмірлік белсенділігіне теріс әсер ету туралы хабардарлық деңгейін арттыру мақсатында мектебіміздің оқушыларының қатысуымен «Еркін тыныс ал!» Жалпы республикалық флешмоб өткізілді.
Жыл басынан Мектебімізде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Ертегілер әлеміне саяхат" атты бастауыш сынып ұстаздарының ұйымдастыруымен жоғары деңгейде қойылымдар ұйымдастырылып келеді.
Түрксіб ауданының мектеп кітапханашыларына «Qazaq Mura» платформасы бойынша кітапхана меңгеріушілері Серғали С.,Наймамбай М. ұйымдастыруымен семинар өтті.
Бүгінгі таңда мектеп оқушыларына тиянақты да сапалы білім беру ісінде Қазақстан Республикасының орта білім жөніндегі мемлекеттік стандартына және мақүлданған бағдарламаларға сүйене отырып мектебімізде әрбір пәннің жеке ерекшелегін ескеріп, биология, химия кабинеті қазіргі заман талабына сай жабдықталды.
Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап, халқының салт дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелей отырып, жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында 16 шы желтоқсан тәуелсіздік күніне орай мектеп оқушыларының қатысуымен бағдарлама дайындап, мерекемен құттықтап іс-шара ұйымдастырылды.
2023 жылдың қортындысын «Жаңа жыл – жаңа тарих» тақырыбында жаңа жылдық шыршаны мектебімізідің өзін-өзі басқару ұйымы оқушыларының ұйымдастыруымен өтуде.
Мектебіміз алдағы уақыттарда өз жұмысын одан әрі қарай жалғастырады. Еліміздің өркендеп, дамуына жас ұрпақты тәрбиелеуге өз үлесін қоспақ.
ДТІЖО А.Е.Саршаева