27
апрель
2021
«День единства народа Казахстана»\\\«Қазақстан халқының бірлігі күні» тақырыбында халықтар достығын дәріптеу мақсатында 1-11 сыныптар арасында сынып сағаты өтті
27.04.2021 ж. КММ №195 жалпы білім беретін мектепте тәрбие ісінің жылдық жоспары бойынша «Қазақстан халқының бірлігі күні» тақырыбында халықтар достығын дәріптеу мақсатында 1-11 сыныптар арасында сынып сағаты өтті. 1-мамыр Тәуелсіз елімізде «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесі ретінде 1996 жылдан бері тойланып келеді. Қазақстан үшін айтулы мереке мүлде жаңаша мән-маңызға ие. Бұл мейрам бүгінде Қазақстан халқының бірлігі күні деген мазмұнда жалғасын тауып, көпэтносты елдің тыныштығы мен татулығының нышанына айналды. Жыл сайын атап өтілетін мерекеге еліміз былтырғы жылы ерекше ықылас танытқанды.Себебі ел Тәуелсіздік алған жиырма жыл ішінде халықтар арасындағы татулық пен ынтымақ еш бүзылмай, түрлі ұлт бір шаңырақ астында бақытты өмір сүріп келді. Бүгінге дейін түрі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір, діні басқа ділі бір жүз отыздан астам ұлт өкілдері Қазақ елін өз туған жұртындай көріп, еш жатсынбады. Бұның барлығы біздегі берік саясаттың үлкен жетістігі