02
сентябрь
2025
МЕКТЕБІМІЗДІҢ ТАРИХЫ

Мектебіміздің тарихыАлматы қаласы Түрксіб ауданындағы №195 жалпы білім беретін мектеп 2015 жылы бой көтерді. Мектептің негізгі ғимаратының жобалық қуаттылығы – 750 оқушыға есептелген, жалпы аумағы 8456 шаршы метрді құрайды.
Оқу орны құрылған күннен бастап сапалы білім мен тәрбиені басты мақсат етіп келеді. Қазіргі таңда мектепте 825 оқушы білім алуда. Оқушыларға 72 білікті педагог білім береді, олардың қатарында 15 педагог-зерттеуші , 24 педагог-модератор, 7 педагог-эксперт санатындағы мұғалімдер, сонымен қатар 24 жас маман бар. Одан бөлек, мектеп штатында психолог, әлеуметтік педагог, педагог-ассистент, дефектолог және мектепке дейінгі даярлық бойынша мамандар қызмет атқарады.
Мектептің материалдық-техникалық базасы заманауи талаптарға сай жабдықталған. Оқушылар үшін 45 оқу кабинеті, 130 орындық асхана және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бейнебақылау жүйесі орнатылған (58 камера).Барлық оқу кабинеттері заманауи технологиялармен (интерактивті панель, моноблок, принтер, смарт парталар, т.б) жабдықталған.
Оқу орны бір ауысымда жұмыс істейді және оқушылардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. 2025 жылы мектепке қосымша 450 орындық жаңа ғимарат салынып, қолданысқа берілді.
№195 жалпы білім беретін мектеп – ұрпақ тәрбиесі мен білім сапасын арттыру жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан оқу ордасы.