23
февраль
2021
23.02.2021 жыл №195 ЖББМ Ел Жастары Бағдарламасы бойынша «Алғыс айту күні». 23.02.2021 года МБОУ СОШ №195 «День благодарности»
23.02.2021 жыл №195 ЖББМ Ел Жастары Бағдарламасы бойынша «Алғыс айту күні» тақырыбында 1-11 сыныптар аралығында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:- ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; – үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;
– әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу;
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.