Алматы қаласы білім басқармасының
"№195 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 240-31-21
Есепші бөлімі:
+7(727) 22-44-491
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » « Қыз тәрбиесі-қоғам тәрбиесі»атты тақырып бойынша ата-аналар жиналысы өтілді
18
ноябрь
2024

« Қыз тәрбиесі-қоғам тәрбиесі»атты тақырып бойынша ата-аналар жиналысы өтілді

18.11.2024 жылы « Қыз тәрбиесі-қоғам тәрбиесі»атты тақырып бойынша ата-аналар жиналысы өтілді.Жиналыста баяндама оқылды,  «Мен баламды танимын ба ?» тақырыбында мектеп психологтары тренниг өткізді. Тренингтің мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, жағымды қарым-қатынас орнату.
Керекті құралдар: түрлі түсті қағаз, қаламсап, желім, қиылған қолдардың суретін жабыстыратын ватман, күннің суреті салынған ватман, маркерлер.
Ойынның мақсаты: ата-ана баласын қалай жақсы көретінін көрсету.
Әр қатысушы қолының саусақтарын айналдыра сызып, әр саусаққа баласының атындағы әріптерін жазу керек. Ары қарай ата-ана әр саусақта жазылған әріптерден басталатын баласының қасиеттерін айтуы керек. Саусақтың ортасына баланы жанұяда кімге теңейтінін салса болады. Саусақтар ватманға жабыстырылады.