«Түрксіб аруы- 2022» мектепішілік кезең. Межшкольный этап " Мисс Турксиб-2022» » №195 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы білім басқармасының
"№195 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 240-31-21
Есепші бөлімі:
+7(727) 22-44-491
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Түрксіб аруы- 2022» мектепішілік кезең. Межшкольный этап " Мисс Турксиб-2022»
16
апрель
2022

«Түрксіб аруы- 2022» мектепішілік кезең. Межшкольный этап " Мисс Турксиб-2022»

13.04.2022 жылы №195 жалпы білім беретін мектепте «Балалар жылына» орай өтетін «Түрксіб аруы- 2022» байқауының мектепішілік кезеңі ұйымдастырылды. Байқауға 8-9-10 сыныптың қыздары қатысты: байқаумыздың мақсаты Қыздар арасында ұлы қазақ халқының ғасырлар бойы келе жатқан мәдениеті мен өнерін, салт- дәстүрін дәріптеу. «Қызға қырық үйден тыйым»,- демекші қыз баланың қандай инабатты, парасатты болу керектігін осы байқау арқылы көрсету, бағыт бағдар беру. Ата-баба дәстүрін насихаттау, патриоттық рухта тәрбиелеу. Ұлтымыздың уызын, нәрін, сәнін бойжеткендеріміздің бойына сіңіру, эстетикалық тәрбие беру арқылы қыздардың әсемдік, көркемдікке деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сайысымыз 5 кезеңнен тұрды.

1. «Мен қазақтың қызымын» өзін -өзі таныстыру: 2 минут
2. «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсету: ән, би тб. 3 минут
3. «Білімді мыңды жығар» интеллектуалды сайыс (Қазақстан тарихы, салт- дәстүр, мақал- мәтел) 1,5 минут
4. Кеш киімі көрсетілімі 1 минут. Әдемі гүл шоғы.
5. Қызықты қолөнер (қолдан жасалған кез келген бұйымды әкеліп, оны қорғау) 3 минут
Байқауымызға 6-ты ару қыздарымыз қатысты
1-ші аруымыз 9 «А» сынып оқушысы Ерболат Аяна
2-ші аруымыз 9 «А» сынып оқушысы Аманкелді Нұрай
3-ші аруымыз 10 «Ә» сынып оқушысы Алпысбай Қымбат
4-ші аруымыз 10 «А» сынып оқушысы Кульжамбекова Алина
5-ші аруымыз 8 «А» сынып оқушысы Амангелді Арай
6-шы аруымыз 8 «Ә» сынып оқушысы Тоқтарбек Айжол

Қыздарымызға әділ бағаларын беретін әділқазыларымыз отырды
1. Кәсіподақ ұйымының төрайымы: Жайлыбаева Айман Зікірқызы
2. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі: Чорманова Айжан Дамиевна
3. Музыка пәнінің мұғалімі: Жиенқұлува Сұлухан Тұрарбековна 4. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі: Кулкыбаева Ақмарал Шорақызы 5. Өзін-өзі басқару ұйымының прнздинті: Бағдатқызы Қырмызы

Сайысымыз өз мәресіне жетіп әділқазы алқаларының шешімімен 1-ші аруымыз 9 «А» сынып оқушысы Ерболат Аяна 110 ұпаймен жаңашыл ару, 2-ші аруымыз 9 «А» сынып оқушысы Аманкелді Нұрай 109 ұпаймен білімді ару, 3-ші аруымыз 10 «Ә» сынып оқушысы Алпысбай Қымбат 82 ұпаймен қылықты ару, 4-ші аруымыз 10 «А» сынып оқушысы Кульжамбекова Алина 111 ұпаймен ақылды ару, 5-ші аруымыз 8 «А» сынып оқушысы Амангелді Арай 85 ұпаймен сүйкімді ару номинацияларымен марапатталды, ал 6-шы аруымыз 8 «Ә» сынып оқушысы Тоқтарбек Айжол 112 ұпаймен алға шығып бас жүлдеге ие болды.
«Түрксіб аруы- 2022»  мектепішілік кезең. Межшкольный этап " Мисс Турксиб-2022»

























Похожие публикации: