Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті\Население Казахстана достигло 20 миллионов человек » №195 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы білім басқармасының
"№195 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 240-31-21
Есепші бөлімі:
+7(727) 22-44-491
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан халқының саны 20 миллионға жеттіНаселение Казахстана достигло 20 миллионов человек
16
ноябрь
2023

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті\Население Казахстана достигло 20 миллионов человек

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті
2023 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасының халық саны 20 миллион адамға жетті. 

20 миллионыншы азаматтың туған күні барлық қолда бар демографиялық деректерді ескере отырып айқындалды: Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген және одан шыққан, туғандар мен қайтыс болғандардың саны. Бұрын халық саны туралы мәліметтер қолмен өңделетін және бұл көп уақытты қажет ететін. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің интеграциясы бұл процесті жеделдетуге және 20 миллионыншы азаматтың туған күнін жоғары дәлдікпен және қысқа мерзімде анықтауға мүмкіндік берді. 

Халықтың деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да туған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Қазақстанның мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың ішінде 3 ұл және 2 қыз бар. Естеріңізге сала кетейік, 1991 жылы Қазақстан Республикасының халық саны 16,4 млн адамды құрады. Тәуелсіздік жылдарында ел халқы 22,3% өсті. Мәселен, 2022 жылы 1991 жылмен салыстырғанда туу саны 353,2 мыңнан 403,9 мың адамға дейін немесе 14,7% өсті.
Население Казахстана достигло 20 миллионов человек
14 ноября 2023 года численность населения Республики Казахстан достигла 20 миллионов человек. 

Дата рождения 20-миллионного гражданина определена с учетом всех имеющихся демографических данных: количество родившихся и умерших, прибывших и выехавших на постоянное место жительства в Республику Казахстан. Раньше данные о населении обрабатывались вручную, и это занимало много времени. Интеграция государственных информационных систем позволила ускорить этот процесс и с высокой точностью и в короткие сроки определить дату рождения 20-миллионного гражданина. 

Согласно данным базы данных населения, 5 детей, родившихся 14 ноября 2023 года в 8.10 утра, стали 20-миллионными жителями страны. Юбилейные граждане Казахстана родились в Улытауской, Жетысуской, Атырауской, Акмолинской и Туркестанской областях. Среди них 3 мальчика и 2 девочки. Напомним, в 1991 году численность населения Республики Казахстан составляла 16,4 млн человек. За годы независимости население страны выросло на 22,3%. Так, в 2022 году по сравнению с 1991 годом число рождений увеличилось с 353,2 тыс. до 403,9 тыс. человек или на 14,7%.

Похожие публикации: