Дублер күнінің өтілуі » №195 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы білім басқармасының
"№195 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 240-31-21
Есепші бөлімі:
+7(727) 22-44-491
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дублер күнінің өтілуі
30
сентябрь
2022

Дублер күнінің өтілуі

30.09.2022 жылы 9-11 сынып оқушылары 1-4 сыныптар арасында мұғалімдер-дублерінің сабақтарын өткізді. Мұғалім рөлдерін «Өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары сомдады. Сондай-ақ мектеп әкімшілік қызметтеріде атқарылды. Осы жауапты іс-шараға балалар көп дайындалды: олар мұғалімдердің басшылығымен сабақ кестесін құрып, әр сабақтың жоспарын жазды. Тәңертеннен бастап мектепте ерекше атмосфера орнады, қыздар сәнді киініп, ұлдар костюмде галстук тағып осы күнді қызықты да, мазмұнды етіп көрсетуге тырысты. 9 «А» сынып оқушысы Оразаева Айша-1 «А»
9 «Б» сынып оқушысы Исмаилова Ажар-1 «Б»
9 «Ә» сынып оқушысы Әріпбаева Айару-3«Ә»
10 «А» Жақсыбай Амина-2 «Ә»
11 «А» сынып оқушысы Досжан Аружан-4 «Ә»
11 «Б» сынып оқушысы Ахмедова Саида- 4 «Г» жауапты болып, мұғалім-дублері сабақтарын жақсы алып шықты.
Мектеп директоры дублері- Алпыспай Қымбат
Директордың оқу-ісі орынбасары- Серікқазы Томирис
ДТІЖО- Саршаева Айэлина, Болат Жайық
Оқу-ісінің орынбасары- Қалибай Нұрали атқарды.
Мақсаты: Мектепте өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.
Қорытынды: Күн қорытындысы бойынша дублер болған оқушылар жиналыс өткізіп, әр қайсысы өз пікірлерімен бөлісті және мұғалім болу тек қана қиын емес, қызықты екен деген ортақ ойға келді.
Дублер күнінің өтілуі













Похожие публикации: