"Мектепке жол" республикалық акциясы. Республиканская акция "Дорога в школу" » №195 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы білім басқармасының
"№195 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 240-31-21
Есепші бөлімі:
+7(727) 22-44-491
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектепке жол" республикалық акциясы. Республиканская акция "Дорога в школу"
12
август
2019

"Мектепке жол" республикалық акциясы. Республиканская акция "Дорога в школу"

Бүгінгі күні бір баланың өзін мектепке дайындау ата – анаға әжептәуір салмақ түсіретіні анық. Ал отбасында бірнеше бала болса ше? Әлбетте,мұндай жағдайда әке – шеше барлық баласын бірдей жаңа оқу жылына сақадай сай етіп даярлай алмасы анық. Бұдан басқада әлеуметтік көмекті қажет ететін тұрмысы төмен отбасы мен жетім, жартылай жетім жеткіншектер бар. Оларға да көп болып көмек көрсету игілікті іс. Осыған орай жыл сайын еліміз көлемінде «Мектепке жол!» атты республикалық акциясы өткізіліп келеді. 05 шілде мен 30 қыркүйек аралығын қамтитын акцияға № 195 жалпы білім беретін мектепте үн қосуда.