04
апрель
2022
МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ. КУЛЬТУРНЫЕ ЦЕННОСТИ И СЕМЕЙНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
Рухани – мәдени құндылықтардың бастау алар көздерінің бірі – тәрбие, ал тәрбие әрбір отбасынан бастау алады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Әйелдердің ұстамдылығы мен төзімділігі – тыныштық пен татулықтың тірегі» деген баяндамасында: «Бізге неке және отбасы институтын нығайтып, оның беделін арттыру, адамгершілік құндылықтарды қайта түлету қажет. Отбасы, бала, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер біздің қоғамның және біздің мәдениеттің әрдайым негізі болды және болып қалады. Бізге көптеген отбасыларында бар ізгі дәстүрлер мен әдет-ғұрыпты сақтап, оларды насихаттап, жас отбасыларға қолдау білдіру керек. Мемлекет бұл үшін көп іс атқарып отыр. Сонымен қатар ата-аналардың өздері де бұған қамқорлық көрсетуі керек. Отбасылық құндылықтарды насихаттап, отбасы бейнесі мен некені, көп балалық өнегелерін құрмет тұтқызу керек. Үлгілі отбасы нормасы көп балалылық болуы тиіс деп санаймын. Барлық халықтарда ғасырлар бойы солай болып келген. Адамның байлығы балаларының санымен өлшенген» – деп ғасырлар бойы жинақталып, ата-баба тарихынан бізге жеткен отбасы тәрбиесінің мол мұраларын болашақ ұрпақты тәрбиелеуге пайдалану заман талабы деп қабылдай отырып, отбасылық құндылықтардың өзіндік ерекшеліктері мен бүгінгі ұрпақ санасына жеткен әсерін және пікір сабақтастығын жан-жақты жүелі зерттеу өзекті мәселелердің бірі деп санайды.(1)
Қазақ халқының отбасында бала тәрбиелеу дәстүрлері туралы ойлар Қорқыт, Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қашқари, Кейкаус, Қ.Иассауи еңбектерінен бастау алады деп айтсақ қателеспейміз. Арадан он ғасыр артқа салып, қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев еңбектерінде, қазақ зиялылары Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, С.Көбеев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов және т.б. еңбектерінде жалғасын тапқан.
Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған «Балалар құқығы туралы конвенция» (1995 ж), Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» (1999 ж), Қазақстан Республикасының «Балалар құқығы туралы заңы» (2002 ж), сияқты құжаттар осының дәлелі болады.
Біздің қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан ұл-қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі, туған халқы мен Отанына адал, өнегелі азамат болып өсуі–ең жоғары тілек, ең биік мақсат болып келген. Оның күш-қуат алатын қайнар бастауы–отбасы. Сондықтан да азамат ұрпағына отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өміріндегі еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.
Тәрбиенің негізі – отбасында.
«Отбасы тәрбиесі» ұғымының өзі «Отбасы» мен «Тәрбие» категорияларының жиынтығы ғана емес, олардың синтезі де болып табылады.
Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты.Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезімен өткеннің тағдыры мен талаптарын,обьективті факторлар ретінде ұсынып, сол арқылы ұрпақты өмірге даярлап,оларды жинақтаған бай тәжірибе негізінде тәрбиелей отырып, өзінің ата-аналарының рухани мұрасын игере түсуі керек» екені айтылған (2)
Баланы азамат етіп тәрбиелеу қоғамның барлық азаматтарының міндеті. Ж.Баласағұнның бала тәрбиесіне байланысты ата-аналарға берген кеңестері қазіргі таңда да үлгі боларлықтай. Ата-ананың басты парызы:
баланың дұрыс тәрбиеленуі мен білім алуына көңіл бөлу;
балаға шаңырақ иесі, бабалар ісін жалғастырушы екендігін ұғындыру;
баланы аруақтарды ардақтауға, ата-баба дәстүрін сақтауға, құрметтеуге, ұрпақтан-ұрпаққа көздің қарашығындай жеткізе білуге баулу;
балаға өзінің мінез-құлық этикасымен үлгі болу;
балаға әділетті, қайырымды болу;
өзінен туған балаға тәрбиені өзі беру («Ай маңдайлы ұл-қыз туса алдыңда, үйде өсір, бөтен жерде қалдырма»);
баланы жас кезінен өнерге үйрету, еңбекке араластыру;
баланы тәрбиелеп, оқыту барысында мінезін қалыптастыруға көңіл бөлу;
баланың тәні мен жанының жақсы жетілуіне назар аудару;
балаға өмірдің әрбір сағаты санаулы екенін, сол себепті оны дұрыс өткізу қажеттілігін ескерту («Кешіккен тірлік өте зая берер келгісіз, қалған өмір қанша екені белгісіз. Қалған күнді текке зая кетірме, елімді ибадат қып бекін де»).
Осындай тәрбиені жастайынан көрген баланың мінезінде ұлттық салттарының негізінде құралған төмендегідей адамгершілік қасиеттері орын алады:
Ата-ананы құрметтеу;
Ата-ананың алғысын алу;
Анасының сүтін ақтау;
Қазақ халқының бала тәрбиесінде баса назар аударған адамдық қасиеті – үлкендерді құрметтеу. Әр шаңырақтың ең құрметті, сыйлы адамы–ата,әже болды. Үлкен адамға сендеп сызданбай, сіз деп сөйле.Сіз деп сөйлеу – кішіліктің емес, кісіліктің белгісі.
Әйел адамнан талап етілген адами қасиеттер; зейінділік, іскер, жан жарын күту,аналық борышы–өмірге перзент әкелу, тәрбиелеу, қонақ қабылдау, шай құю, қайнату, киіз басу, кілем тоқу. Қазақ әйелдері бесік жырын айтып, балаларын тәрбиелейді. «Қыз өссе– елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі». Елдің бірлігі отбасының берекесінен басталады. Азаматқа адал жар, балаға аяулы ана бола білсе, қыз баланың бағы артады, елдің мерейін өсіреді.
Отбасылық білімнің негіздерінің бірі– балаға туыстық қатынастардың жүйесін, ұлт ішіндегі әлеуметтік рөлдердің мәнін түсіндіріп, ұлт арасындағы қатынастарды реттеу, шежіресін таныту.Ол үшін әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің негізінде алынатын нормалар жүйесі қолданылып, туыстық қатынастар реттеліп тәрбие беріледі. Туыстық байланыстардың беріктігі: ата-ананы сыйлау парызы, қартайған ата-аналардың балаларымен бірге тұруы, кенже немесе жалғыз ұлдың ата-ана алдындағы жауапкершілігі, балаларды туысқандарының асырап алуы, туыс отбасыларының өзара көмегі және жесірлердің балаларын туыстардың өз қамқорлығына алуы сияқты әдет-ғұрыптар қазақ отбасыларының жазылмаған заңдары бола отырып, балалар мен жастарды тәрбиелеуге жағымды ықпал жасағаны даусыз. Парасатты әке-шеше балаларына өздерінің шыққан тегі, руы, ел-жұрты туралы әңгімелеп, ағайын-туыстар арасындағы қатынасты, жекжат-жұрағатты сыйлау салты бойынша аталас ағайындар бір-біріне қамқорлық жасап, қарайласып отыру міндеттілігін түсіндіріп, олардың үлгілі істерін мадақтап отырған. Әдет-ғұрып, рәсімдер, салт-дәстүрлер арқылы тәрбиелеу көбіне отбасында жүреді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, үлкендердің, ата-аналардың жеке басының үлгі-өнегесі балалар тәрбиесіндегі ұтымды әдістердің бірі болып саналады.
Бала тәрбиесіне мектеппен бірге отбасының да әсері өте зор. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата-ана. Отбасы таным бесігі, өркениет ошағы, үлгі өнеге бастауы. Ата-ананың күнделікті өмір тіршілігінде еңбегі, адамдық бейнелері, жақсы мінез-құлқы, дұрыс қатынасы балаға үлгі. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан да баласының, әдепті, арлы азамат болып қалыптасуы оларға тікелей байланысты болып табылады.
Отбасы тәрбиесінің алтын діңгегі–ұлттық педагогика, ұлттық салт-дәстүр.Ұлтымызда бала тәрбиесіне қатысты сөз болғанда «баланы-бастан» деп айтып жатады.Бұл ұғымның астарында жатқан ой өте терең.
«Ұлт боламын десең, ұрпағыңды ойла.Халық боламын десең – қалпыңды сақта. Ел боламын десең– елдігіңді сақта, халқың ел болып алдыңа келсе –алдымен бесігіңді сақта»- деген заңғар жазушы М.Әуезовтың аталы сөзі отбасы тәрбиесінің маңызын айқындайды. Қазақ зиялысы М.Жұмабаев «Тәрбиедегі мақсат–баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару» деп айтуы ата-ана алдында үлкен жауапкершілік тұрғанын дәлелдейді.
Баршаға өмір сыйлайтын, ұрпақ жалғастығын өрбіткен анасын ардақ түту– түркі жұртының менталитеті мен тіршілік болмысының түп тамыры. «Әйел кіндігінде әлем айналады», «Әрбір ұлы адамның артында әйел тұрады», «Бақа жарығы суменен, әйел жарығы ерменен», «Алып анадан туылады», «Әйел жынысына қарап, ұлттың келешегін көруге болады» дейді халық тәсілімі. Баршаға инабатты тәлім-тәрбие анадан. Домалақ-ана, Қарашаш-ана, Мұрын-ана, Қарақат-ана, Даулетбике-ана, Білге қатын-ана секілді айнала төңірегіне мейір-шапағатын төгіп, бірлікке тұғыр болған абзал азаматтар тәрбиелеп, өнегелі істерімен аттары аңызға айналып «Ел анасы» атанғандар тарихтан белгілі.
Бір білімпаз айтқан екен «ерлер ұлды тәрбиелейді, әйел ұлтты тәрбиелейді» деп. Әйел тәрбиесі нашар болған жерде ұрпақ тәрбиесі де ойдағыдай болмайды. Ана барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ. Ол аналық ұяның, яғни үйдің иесі, ошақтың құты, отбасының ұйтқысы, болашақтың бағдары, ел ырысы деп жүрміз. Адам бойындағы ең ізгі қасиеттер ана сүтімен, әкенің маңдай терімен дариды. Ана болу – бір бақыт болса, көп балалы ана болу– шексіз бақыт екенін есте ұсталық. Бұрынғы ғұламалардың атап өткеніндей, қай заманда, қай кезеңде де түркі әйелдері еріне серік, уәдесіне берік болып елдің бірлігін, ошақтың бүтіндігін ойлаған, ел мен жерді, жар мен арды ойлаған.
Бала тәрбиесі – ана құрсағында болатынын қазір әрбір ата-ана біледі.
Бала ана құрсағында бір жылға жуық уақыт өткізеді. Дана халық ауыраяқ әйелді жын-шайтанан сақтауға, құстар мен табиғат даусын, ән мен жыр, күй тыңдатуға тырысқан. Халық жүкті ананы тәрбиелеу жолын әсте ұмытпаған. Оны мәпелеп, аялай білген.
Қазіргі заманауи дәрігерлік, медициналық,психологиялық кеңестер осы ұлттық жоралғылардан бастау алады. Бұл орайда З.Ахметова былай деп жазған: «Қарағым биік тауға қара-көңілің өседі, көңілің өссе -немереңнің өресі биік болады, жазық далаға қара-жан сарайың кеңиді, сонда немерең кең пейілді болады, жайқалған гүлге қара-сәбиің шырайлы болады, бұлақтың көзін аш-бала қайырымды болады» деген секілді ұлағатты дәріс беріп, аналарымыз жас келіншектерді таным-талғамын ұштап баулыған. Міне, бұл ұлттық ұғымның ұлағаты.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Назарбаев Н.Ә. Әйелдердің ұстамдылығы мен төзімділігі–тыныштық пен тұрақтылықтың тірегі атты форумдағы баядамасынан –Алматы ,–2009 ж.
2.Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл Алматы ,2003.
3.Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында Алматы, 2003.
4.Назарбаев Н.Ә.Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде. Алматы, 1993.
5.Мұқанов С. Халық мұрасы Алматы, 2003.
6.Қалмырзаев Ә. Ұлттық идея «Елорда» Астана-2007.