ҰБТ-2023: Оқуға түсу үшін қанша балл жинау қажет? » №195 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы білім басқармасының
"№195 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 240-31-21
Есепші бөлімі:
+7(727) 22-44-491
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҰБТ-2023: Оқуға түсу үшін қанша балл жинау қажет?
22
май
2023

ҰБТ-2023: Оқуға түсу үшін қанша балл жинау қажет?


ҰБТ-2023: Оқуға түсу үшін қанша балл жинау қажет?

Әр пән бойынша ең кемі 5 балл жинай алмаған талапкер жоғары оқу орнына түсе алмайды.

Ұлттық тестілеу орталығы түрлі мамандықтар бойынша 2023 жылғы ҰБТ шекті балын хабарлады.
Білім беру салалары бойынша 2023 жылғы шекті балдар келесідей:
  • "Құқық" – кемінде 75 балл;
  • "Педагогикалық ғылымдар" – кемінде 75 балл;
  • "Денсаулық сақтау" – кемінде 70 балл;
  • "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" – кемінде 60 балл.
Сондай-ақ, ұлттық жоғары оқу орындарында білім алу үшін кемінде 65 балл жинау қажет болса, басқа оқу орындарының шекті балы 50 балл болып белгіленген. Әр пән бойынша шекті балл – 5 балл.