қыркүйек айының 20-30 аралығында 22 қыркүйек Қазақстан халқы Тілдерінің күніне орай және Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Тіл-адамның адамдық белгісінің зоры,жұмсайтын қаруының бірі» атты онкүндік өтті/Декада » №195 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы білім басқармасының
"№195 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 240-31-21
Есепші бөлімі:
+7(727) 22-44-491
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » қыркүйек айының 20-30 аралығында 22 қыркүйек Қазақстан халқы Тілдерінің күніне орай және Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Тіл-адамның адамдық белгісінің зоры,жұмсайтын қаруының бірі» атты онкүндік өтті/Декада
30
сентябрь
2022

қыркүйек айының 20-30 аралығында 22 қыркүйек Қазақстан халқы Тілдерінің күніне орай және Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Тіл-адамның адамдық белгісінің зоры,жұмсайтын қаруының бірі» атты онкүндік өтті/Декада

       №195 жалпы білім беретін мектепте   қыркүйек айының 20-30 аралығында  22 қыркүйек Қазақстан халқы Тілдерінің күніне орай және Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған    «Тіл-адамның адамдық белгісінің зоры,жұмсайтын қаруының бірі» атты онкүндік өтті.

Мақсаты: Оқушыларға қазақ тілінің мемлекеттік тіл екенін,ана тіліміздің маңыздылығын түсіндіре отырып, тілімізді құрметтеуге,ана тілімізден бөлек шет тілдерін, соның ішінде ағылшын және орыс тілдерін меңгерудің маңыздылығын түсіндіру,А.Байтұрсыновтың еңбектерін дәріптеу, оқушылардың адамгершілік,рухани,патриоттық сезімдерін қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін нығайту.                                                 Онкүндіктің өтуіне қазақ тілі,орыс тілі,ағылшын тілі пәндері мұғалімдері атсалысты. «Менің тілім – менің тағдырым»  атты онкүндіктің жоспары құрылып,бекітілді. 22-қыркүйек мектептің мәжіліс залында онкүндіктің ашылу салтанаты болып өтті. Пән мұғалімдері мектептің кіре берісін және мәжіліс залын эстетикалық талаптарға сай безендірді «Тіл-адамның адамдық белгісінің зоры,жұмсайтын қаруының бірі»  атты апталықтың ашылуы өтті, кеште көркемсөз оқу шеберлері өздері жаттаған шығармаларын мәнерлеп оқыды, мектебіміздің өнерпаздары ән шырқап,мың бұрала би биледі. 




Апталық аясында мектеп кітапханашысы Серғали Самалхан оқушыларды  мақтан тұтар тұлғаларды танып білуге тәрбиелеу мақсатында «Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты кітап оқушылар көрмесін ұйымдастырды.


    Онкүндік жоспары бойынша 20.09.2022 ж. 8-11 сыныптар арасында «Тіл мәртебесі –ел мерейі» тақырыбында эссе жазудан байқау өткізілді. Эссе жазуға 8-11 сынып оқушыларынан 25 оқушы қатысты. Байқау жеңімпаздары анықталып,ең үздік эссе қалалық байқауға жіберілді. Үздік жазылған эссе иелері мектепішілік марапаттауға ұсынылды.

23.09.2022 ж.«А.Байтұрсынұлы түзеген «қазақ жазуы» тақырыбында 8 «А» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шырбанбайқызы М. ашық сабақ және 27.09.22 ж. А.Байтұрсынов шығармалары мен өмірі атты сыныптан тыс жұмыс өткізді.


27.09.22 ж.Шалданбай Ә.Ә. «Тіл –ұлт қазынасы» тақырыбында 5 «Ә» сыныбымен сыныптан тыс жұмыс өткізді.


26.09.22 ж. 7 «Б»сынып оқушыларымен Иргебаева Н.Н. «Көшпелілердің жазуы. Фразеологизмдер.» тақырыбында  ашық сабақ және 27.09.22 ж. «Тіл білімінің атасы» Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жылдығына орай сыныптан тыс сабақ өткізді. 



27.09.22 ж. «Ұлт ұстазы»А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай  9 «Ә» сынып оқушыларымен Арашапова Ә.С. сынып сағатын өткізді. 


 29.09.22 ж. 10 сынып оқушылары арасында Чорманова А.Д. оқушылардың интеллектуалдық қабілетін дамыту, бір факторларды зерттеуге, болжауға,жүйелеп сөйлеуге ,өз көзқарасын ашық та жүйелі жеткізе білуге тәрбиелеу мақсатында  «Мемлекеттік тілдің бүгіні мен ертеңі» атты пікірталас және 30.09.22 ж.10 «А»сынып оқушыларымен  «Қалың елім қазағым,қайран жұртым»   тақырыбында ашық сабақ өткізді. 


27.09. 22 ж. 7 «Г»сыныбымен Бажикова А.А. оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді ұтымды пайдалана білуге үйрету; тіл үйренушілердің ой-өрісін дамыту. Тілдің көркемділігін, байлығын көрсету. Тілдерін дамыту мақсатында «Қазақшаңыз қалай»интеллектуальды ойынын және 28.09.22 ж. 7 «В»сынып оқушыларымен «Тіл-табиғаттың ғажайып сыйы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 


27.09.22 ж. 2 «А» сынып оқушыларымен Ногайбаева Г.К, «Ю әрпінің жазылуы» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. 


22.09.2022 ж. «Менің тілім –менің тағдырым» тақырыбында көркемсөз оқу шеберлерінің жарысы өткізілді. Жарысқа 5-9 сынып оқушылары қатысты. Әділқазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, марапатталды.




03.10.22 ж. 22 қыркүйек Қазақстан халқы Тілдерінің күніне орай және Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған    «Тіл-адамның адамдық белгісінің зоры,жұмсайтын қаруының бірі» атты онкүндіктің жабылуы өткізілді. 


Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі жетекшісі:             Иргебаева Н.Н.


Похожие публикации: