Алматы қаласы білім басқармасының
"№195 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 240-31-21
Есепші бөлімі:
+7(727) 22-44-491
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
март
2025

Құстар біздің досымыз

2024-2024 оқу жылында тәрбие ісінің еңбек, экономикалық және экологиялық бағытының жылдық жоспарына сәйкес наурыз айының 16 жұлдызында биология пәні мұғалімі Бауыржанқызы Акмаржанның ұйымдастыруымен мектеп ауласындағы ағаштарға 7-8 сынып оқушылары «Синичкин день» атты ұранымен құс ұясын орнатты.
Мақсаты: ұя салу және мекенді ауыстыру кезінде құстардың барлық түрлерін қорғауға, жойылып кету алдында тұрған құстар түрлерін ұдайы қорғауға; аң аулаудың белгілі бір түрлеріне тыйым салуға немесе шектеу қоюға; құстарды көбейту үшін қорықтарды құруға және экологиялық білім беруге бағытталған.
Құстар – табиғат, өмір көркі. Халық шебер әншісін бұлбұлға, ардақты азаматын сұңқарға, қас сұлуын аққуға, ез жігітін жапалаққа теңеген. Ертеде байлар мен патшалар, хандар бұлбұлды бағында сайратып, тотыны үйінде ұстаған, аққуды көлінде жүздіртіп, сұңқарды қолына қондырған. Құс🕊️🕊️🕊️ барлық пен байлықтың, әсемдік пен сұлулықтың белгісі болған.

Похожие публикации: