План на осенние выходные образовательного плана\\\Тәрбие жоспарының күзгі демалыс күндеріне арналған жоспар негізінде мектее кітапханашысы С.Серғали ұйымдастыруымен оқушыларымыз Жамбыл Жабаев атындағы жасөспірімдер кітапханасына саяхаттап қайтты. » №195 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы білім басқармасының
"№195 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 240-31-21
Есепші бөлімі:
+7(727) 22-44-491
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » План на осенние выходные образовательного плана\Тәрбие жоспарының күзгі демалыс күндеріне арналған жоспар негізінде мектее кітапханашысы С.Серғали ұйымдастыруымен оқушыларымыз Жамбыл Жабаев атындағы жасөспірімдер кітапханасына саяхаттап қайтты.
03
ноябрь
2022

План на осенние выходные образовательного плана\\\Тәрбие жоспарының күзгі демалыс күндеріне арналған жоспар негізінде мектее кітапханашысы С.Серғали ұйымдастыруымен оқушыларымыз Жамбыл Жабаев атындағы жасөспірімдер кітапханасына саяхаттап қайтты.

Тәрбие жоспарының күзгі демалыс күндеріне арналған жоспар негізінде мектее кітапханашысы С.Серғали ұйымдастыруымен оқушыларымыз Жамбыл Жабаев атындағы жасөспірімдер кітапханасына саяхаттап қайтты.
Жамбыл атындағы Алматы қаласының жасөспірімдер кітапханасы 1976 жылы ақпарат, рухани тілдесу және жастардың демалыс орталығы ретінде құрылып, республикалық маңызы бар кітапхана мәртебесін алған болатын.
1996 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен кітапханаға ұлы ақын, жыршы Жамбыл Жабаевтың есімі беріліп, 2008 жылы Алматы қаласының коммуналдық меншігіне өтті. Қазіргі таңда 25 филиалы бар Алматы қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің құрамына енгізілді.
Бүгінде білім үйі сол алғашқы мекенжайы - Н.Ә.Назарбаев даңғылындағы ғимаратта орналасқан. Қазір кітапханада екі ауысымда 36 қызметкер жұмыс істейді.
Алғашқы жоба бойынша 100 оқырманға арналған кітапхана қайта жөндеуден кейін аталған сан 400-ге өсті.
Сонымен қоса келушілер үшін бар жағдай жасалып, заманауи компьютерлермен жабдықталды. Модернизация кітапхананы коворкинг-орталығымен табысты біріктіре алды. Жаңадан ашылған бұл орталықтың мақсаты –жастардың бос уақытын тиімді, пайдалы өткізуіне себеп болу және еркін пікірлесу алаңын қалыптастыру.
Сонымен қатар реконструкциядан кейін кітапхананың жұмыс тәртібіне де өзгерістер енгізілді. Енді Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы демалыссыз, таңғы сағат 09:00-ден кешкі сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Жалпы кітап қоры 306932 мың. Оның ішіне қазақ тілінде - 180 000.
Модернизациядан өткеннен кейін оқырман саны 44270-ке жетті. Сондай-ақ оқырмандар қызығушылығы бойынша коворкинг-орталықтарын ұйымдастыру, түрлі тақырыптарда дебат өткізілуде.


На основании плана осенних выходных военного плана, организованного школьным библиотекарем Сергали С., наши воспитанники выезжали в юношескую библиотеку имени Жамбыла Жабаева.
Жамбылская Алматинская юношеская библиотека была основана в 1976 году как центр информации, духовного общения и отдыха молодежи и получила статус библиотеки республиканского значения.









Похожие публикации: