01
апрель
2021
«Менің сүйікті кітабым»\"Моя любимая книга"
Білім алудың басты құралы - кітап. Кітап адамның жүрегін, санасын, ақылын байытады, дүниетанымын кеңейтеді. Бүгінгі таңда теледидар, компьютер, интернет үлкен рольге ие болып отырған уақытта кітап оқудың сиреп бара жатқаны ащы болса да шындық. Мектеп оқушыларын кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру, кітапқұмарлыққа тәрбиелеу, кітапханаға оқырман тарту мақсатында мектептің тәрбие ісінің көктемгі демалыс кезіндегі іс – шаралар жоспары негізінде «Менің сүйікті кітабым» атты тақырыпта 3 «Ә» сыныбының оқушылары арасында ойталқы өтті. Оқушылар оқыған әдеби кітаптары туралы өз пікірлерін ортаға салды.
Основным средством обучения является книга. Книга обогащает сердце, разум и интеллект человека, расширяет его мировоззрение. Сегодня, когда большую роль играют телевидение, компьютеры и Интернет, горькая правда заключается в том, что чтение книг становится редкостью.