08
апрель
2024
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды\Стартовала кампания «Алматы – наш общий дом»
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды
8 сәуір мен 8 мамыр аралығында қалада «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтеді. Қаланың барлық ауданын қамтитын науқанға Алматының әрбір тұрғыны мен қонағы қатыса алады.
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.
Науқан 4 негізгі кезеңге бөлінген:
1. «Біздің қала – біздің көшелер» (8-14 сәуір) - қалалық инфрақұрылымды: жолды, жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерін, аялдама кешендерін, бағдаршамдарды, жарық беру құралдарын, белгілерді, туристік тотемдерді, қоғамдық дәретханаларды тазалау және ретке келтіру апталығы. Дезинфекция және дезинсекция жүргізе отырып, люктер ауыстырылады, қоқыс жәшіктері жөнделеді.2. «Біздің қала – біздің аула, біздің үй» (15-21 сәуір): көшет отырғызу апталығы. Аулалар мен ойын алаңдары жөнделіп, ретке келтіріледі. Аулалар мен есік алдындағы шағын бақты көгалдандырғысы келетіндерге көшет, жеке үйлердің қоршауын сырлағысы келетіндерге бояу беріледі. Осы кезеңде түрлі шығармашылық әрі экологиялық іс-шаралар басталады – «Жас жұбайлар» креативті эко-хабы мен аллея ашу, «Эко-марафон» плоггингі, дәмханалар мен мейрамханаларда тамақ қалдықтарын жинау жобасы; «Таза ойындар» акциясы, «Мерзімі өткен дәрі-дәрмекті өткізіңіз – табиғатты сақтаңыз»; «Үздік аула», "Үздік шағын бақ», «Коммуналдық қызметтің үздік қызметкері» байқаулары, «Жасыл планета – біздің ортақ үйіміз» мектеп суреттері байқауы және т.б. 20 сәуір күні жалпықалалық сенбілік жоспарланған.3. «Біздің қала - біздің тау, өзен мен көлдер» (22-28 сәуір): жағалаулар мен су айдындарын, саябақтарды, скверлер мен тау бөктерін тазалау апталығы.4. «Біздің қала – біздің мақтаныш» (29 сәуір – 8 мамыр): ескерткіштер мен мәдениет нысандарды тазалау апталығы. Соңғы аптада қаладағы субұрқақтар іске қосылып, науқанға белсенді түрде қатысқан тұрғындар сыйлықтармен марапатталады.Науқан қорытындысы бойынша 1765 аялдама павильоны, 480 бағдаршам нысаны, 56 жер асты және 78 жер үсті өткелі, 1500 қоқыс алаңы, 24747 қоқыс жәшігі, 15454 орындық, 161 ескерткіш жуылып, жөндеуден өтеді. Қаланың коммуналдық қызметі 153 саябақ пен скверді, 1349 км арық желісін, 4468 км көше мен тротуарды, 235 люкті тазалайды. Науқан аясында 3420 жарық нүктесі, 650 белгі жаңартылып, 20 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылады. 1 мамырда қалада 65 субұрқақ іске қосылады.
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» экологиялық науқанын өткізу форматы, қатысу шарты, мекенжайы және байланыс нөмірі туралы қосымша ақпарат аlmaty.kz сайтында және Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі парақшасында жарияланады. Сондай-ақ, веб-сайтқа жақында бүкіл қалаға ілінетін баннер, постер және афишадағы арнайы QR-код арқылы кіруге болады.
Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.
Стартовала кампания «Алматы – наш общий дом»
С 8 апреля по 8 мая в городе пройдет кампания «Алматы - наш общий дом». Она охватит все районы города, принять участие в кампании сможет каждый житель и гость Алматы.
Главная цель кампании «Алматы – наш общий дом» - формирование ценностей бережного отношения к городской инфраструктуре, воспитание высокой гражданской ответственности и экологической культуры среди населения, поддержка частных экологических инициатив и создание условий для их реализации.
Кампания поделена на 4 основных этапа:
1. «Наш город – наши улицы» (8-14 апреля) - неделя уборки и приведения в порядок городской инфраструктуры: дорог, надземных и подземных пешеходных переходов, остановочных павильонов, светофоров, осветительных приборов, указателей, туристических тотемов, общественных туалетов. Будет произведена замена люков и ремонт мусорных баков с проведением дезинфекции и дезинсекции.2. «Наш город – наш двор, наш дом» (15-21 апреля): неделя посадки саженцев. Будут отремонтированы и приведены в порядок дворы и детские площадки. Желающим озеленить дворы и палисадники будет выдан посадочный материал, желающим покрасить заборы частных домов предоставят лакокрасочный материал. В этот период также стартуют различные творческие и экологические мероприятия – запланировано открытие креативного экохаба и аллеи молодоженов «Жас жұбайлар», плоггинг «Экомарафон», проект по сбору пищевых отходов в кафе и ресторанах; акции «Чистые игры», «Сдай просроченные лекарства – спаси природу»; конкурсы «Лучший двор», «Лучший палисадник», «Лучший работник коммунальной службы», конкурс школьных рисунков «Зеленая планета – наш общий дом» и многое другое. 20 апреля запланирован общегородской субботник.3. «Наш город – наши горы, реки и озера» (22-28 апреля): неделя очистки набережных и водоемов, парков, скверов и предгорий.4. «Наш город – наша гордость» (29 апреля – 8 мая): неделя очистки памятников и объектов культуры. На завершающей неделе состоится запуск городских фонтанов и награждение призами самых активных жителей города, принявших участие в мероприятиях кампании. По итогам кампании ожидается мойка и ремонт 1765 остановочных павильонов, 480 светофорных объектов, 56 подземных и 78 надземных переходов, 1500 мусорных площадок, 24 747 урн, 15 454 скамеек, 161 памятника. Коммунальные службы города проведут уборку 153 парков и скверрв, 1349 км арычной сети, 4468 км улиц и тротуаров, 235 дорожных люков. В рамках кампании будет модернизировано 3420 светоточек, 650 вывесок, высажено более 20 тысяч саженцев деревьев и кустарников. 1 мая в городе запустят 65 фонтанов.
Дополнительная информация о формате проведения, условиях участия, локаций кампании «Алматы – наш общий дом» будет размещена на сайте аlmaty.kz, в социальных сетях акимата Алматы. Перейти на веб-сайт также можно будет по специальному QR-коду на баннерах, постерах и афишах.
Хештеги для активных участников кампании в социальных сетях: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.