“Жігіттер сұлтаны-2024”. Конкурс » №195 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы білім басқармасының
"№195 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 240-31-21
Есепші бөлімі:
+7(727) 22-44-491
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Жігіттер сұлтаны-2024”. Конкурс
18
январь
2024

“Жігіттер сұлтаны-2024”. Конкурс

“Жігіттер сұлтаны-2024”

     18.01.2024 жылы Алматы қаласы Түрксіб аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №195 ЖББМ 9-11 сынып оқушылар арасында “Жігіттер сұлтаны-2024” байқауының аудандық кезеңі өтті.
 
Мақсаты:Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, жігіттерді сегіз қырлы, бір сырлы болуға, яғни, жан-жақтылыққа баулу. Ұлттық нақышта ұйымдастырылған іс-шараның жоғары дайындықпен, жан-жақты ізденіспен, үлкен жауапкершілікпен жасалынғаны байқалып тұрды.
 Байқауға қазылық еткен қазылар алқасының құрамында Түрксіб аудандық білім бөліміндегі Дарын орталығының әдіскері Бурханова Газиза Абдужалиевна, №20 ЖББМ Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ахмадиев Арман Ансаганович, №84 ЖББМ музыка пән мұғалімі Біләл Айбек, №162МЛ музыка пәні мұғалімі Әлімжан Әділжан Икрамжанұлы болды.
 Байқау 5 кезең бойынша жоғары деңгейде өткізілді. Қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, сонымен қатар Калашников автоматын жартылай бөлшектеу және құрастыру бойынша бақ сынады. 
Байқауға қатысушы жігіттеріміз ақыл-ой тереңдігін, ой-ұшқырлығын сарапқа салу мақсатында қазақ халқының салт-дәстүрлері, этнография, мәдениет, тіл мен тарихқа байланысты сұрақтарға да жауап берді.

Мектебімізден аталған сайысқа 9 «Ә» сынып оқушысы Пернебай Әлихан Кенжеханұлы да қатысып өз өнерін көрсетті. 
 Бүгінгі сұлтандарымыз, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!

Аудандық байқаудың өтілуіне жауапты ұстаздар: ДТІЖО А.Е.Саршаева, Бажикова А.А., тәлімгер Құлыптасова К., музыка пәні мұғалімі Жиенкулова С., АӘД пәні мұғалімі К.Арипжанов, дене шынықтыру пәні мұғалімдері Саметов Д., Актыхалова Д., Жетписбаев Е., әлеуметтік педагог Рустем Ж., сынып жетекші Балтабаева В.М.