ААПҚОЖ. Работы ЦППР
№ 195 ЖББ КММ бойынша балаларды тәрбиелеу мен дамыту жөніндегі ата-аналарға педагогикалық қолдау бойынша жұмысының
Анықтамасы
2023 жылдың 15- ші қыркүйегінде № 195 ЖББ КММ мекемесінде балаларды тәрбиелеу мен дамыту жөніндегі ата-аналарға педагогикалық қолдау бойынша бағдарлама негізінде 1-4 сыныптарында «Отбасы - бақыт бесігі», «Ата-ана өмірінің басты мақсаты бақытты адам тәрбиелеу»; 5-9 сыныптарында «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Позитивті тәрбие»
; 10-11 сыныптарында «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу...»,
«Адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу - тұлға қалыптасуының негізі» тақырыптарында сабақтар жүргізілді.
Сабақтардың мазмұны «Біртұтас тәрбие бағдарламасына» және балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес олардың әл-ауқатты контексіндегі ұлттық құндылықтарға негізделеді.
Ата-аналарға арналған педагогикалық қолдауды біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы бойынша оқудан өткен сынып жетекшілері, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер, қосымша білім педагогтері жүзеге асыруда.