COVID-19-ДЫ БАЛАЛАР НЕМЕСЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖҰҚТЫРУЫ МҮМКІН БЕ?МОГУТ ЛИ ДЕТИ ИЛИ ПОДРОСТКИ ЗАРАЗИТЬСЯ COVID-19? » Общеобразовательная школа №195
Коммунальное государственное учреждение
"Общеобразовательная школа №195"
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 240-31-21
Бухгалтерия
+7(727) 22-44-491
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » COVID-19-ДЫ БАЛАЛАР НЕМЕСЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖҰҚТЫРУЫ МҮМКІН БЕ?МОГУТ ЛИ ДЕТИ ИЛИ ПОДРОСТКИ ЗАРАЗИТЬСЯ COVID-19?
17
декабрь
2020

COVID-19-ДЫ БАЛАЛАР НЕМЕСЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖҰҚТЫРУЫ МҮМКІН БЕ?МОГУТ ЛИ ДЕТИ ИЛИ ПОДРОСТКИ ЗАРАЗИТЬСЯ COVID-19?

COVID-19-ДЫ БАЛАЛАР НЕМЕСЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖҰҚТЫРУЫ МҮМКІН БЕ?
Ғылыми мәліметтерде балалар мен жасөспірімдердің басқа да жас категорияларымен бірдей дәрежеде ауруды жұқтыру қаупі бар және олар жұқпаның ары қарай тарауының себепшісі болуы мүмкін екендігі көрсетілген. COVID-19 құрбандарының ішінде балалар, жасөспірімдер, қосымша аурулары жоқ жастар да бар. Балалар мен ересектер науқас адамдармен қарым-қатынаста болса немесе ауру белгілері анықталса өздігінен оқшаулану және өзіндік карантин бойынша ұсынымдарды қолдану керек. Әсіресе балалардың егде жастағы, сонымен қатар аурудың ауыр ағымда өту қаупі бар адамдармен қатынасын болдырмау қажет.

COVID-19-ДЫ ЖҰҚТЫРУ МЕН КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ АРАСЫНДА ҚАНША УАҚЫТ ӨТЕДІ?
COVID-19-ды жұқтырған уақыттан бастап, клиникалық белгілердің пайда болуы арасындағы кезеңнің ұзақтығы 5-6 күн, бірақ 1 күннен 14 күнге дейінгі аралықта болуы ықтимал.

ВИРУС ЗАТТАРДЫҢ БЕТІНДЕ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҰЗАҚ САҚТАЛАДЫ?
Тұрмыстық дезинфекциялаушы заттармен көптеген заттардың бетін өңдегенде вирус толығымен жойылатыны туралы біз білуіміз керек. Зерттеу мәліметтері бойынша COVID-19 вирусы пластмасса мен тот баспайтын болат бетінде 72 сағат, мыста 4 сағаттан кем және картон бетінде 24 сағаттан кем тіршілік етеді.

ДҮКЕНГЕ БАРҒАНДА ҚАНДАЙ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАУ ҚАЖЕТ?
Дүкенде айналаңыздағы адамдармен 1 метр ара-қашықтықты сақтаңыз және қолыңызбен көзіңізді, ауыз және мұрныңызды ұстамаңыз. Мүмкіндігінше азық-түлік себетінің немесе арбаның тұтқасын қолданар алдында антисептикпен өңдеңіз. Дүкеннен келген соң және азық-түліктерді сұрыптаған соң қолыңызды мұқият жуыңыз. Қазіргі таңда COVID-19-ды азық-түліктер немесе олардың қаптамасы арқылы жұқтыру жағдайлары тіркелмеген.

COVID-19-ДЫ АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕР АРҚЫЛЫ ЖҰҚТЫРУҒА БОЛАДЫ МА?
Қазіргі уақытта COVID-19-ды азық-түліктер немесе олардың қаптамасы арқылы жұқтыру туралы ешқандай дәлел жоқ. COVID-19 респираторлық ауру және оның таралу жолы адамнан адамға, инфицирленген адам түшкірген немесе жөтелген кезде бөлінетін тамшылармен тікелей қатынас арқылы жүзеге асады. Коронавирустар тағамдарда көбейе алмайды. Олардың көбеюі үшін тірі жануар немесе адам қажет. Жемістер мен көкөністерді ағынды сумен жуу жеткілікті. Азық-түліктердің қаптамасына қажетті материалдарды дезинфекциялау қажет емес, бірақ қаптамаларды ұстаған соң және тамақтану алдында қолды тиісінше жуу міндетті. Күнделікті тұрмыстық жуу және дезинфекциялаушы заттар үйдің бетіндегі вирустарды тиімді жояды. Үй шаруашылығын тазалау және дезинфекциялау үшін 0,05% натрий гипохлориді (NaClO) мен этанол (70%-дан кем емес) негізіндегі өнімдер сияқты беткейлік вирулицидтік дезинфекциялаушы заттарды пайдалану керек.

МОГУТ ЛИ ДЕТИ ИЛИ ПОДРОСТКИ ЗАРАЗИТЬСЯ COVID-19?
Научные данные показывают, что дети и подростки в той же степени подвержены риску заражения этой болезнью, что и другие возрастные категории, и что они могут быть причиной дальнейшего распространения инфекции. Среди жертв COVID-19-дети, подростки, молодежь без дополнительных заболеваний. Дети и взрослые должны применять рекомендации по самоизоляции и самостоятельному карантину, если они находятся в контакте с больными людьми или при обнаружении симптомов. Особенно необходимо исключить контакт детей с пожилыми людьми, а также с теми, кто подвержен риску протекания заболевания в тяжелом течении.